деңгейлі жылдамдықпен бастап,
жылдамдығын біртіндеп көтеріңіз.
Құрылғын қосу/өшіру үшін қосу/
өшіру (2) түймесін басыңыз.
Қолданып болғаннан кейін,
құрылғыны өшіріп, қамыр ілгектерін
немесе қойылтқыштарды (1) түймесін
басып, шығарыңыз.
Нәтижесі жақсы болу үшін:
– Торт құймалары және т.б. нәтижесі
жақсы болу үшін барлық ингре-
диенттердің температурасы бірдей
болуы тиіс. Май, жұмыртқалар
немесе басқа тағамдарды
тоңазытқыштан қолданысқа дейін
біраз уақыт бұрын алып қою қажет.
– Егер қаймақты көпіршітуге дейін
жақсылап салқындатсаңыз, крем
жақсы көпіршиді.
– Мыжылған картоп біркелкі болып
мыжылуы үшін қолданылатын
барлық ингредиенттер ыстық болуы
тиіс (картопты пісе салысымен мыжу
қерек).
Қол-блендер саптамасын
қолдану (B)
Қол-блендер саптамасы жылдам және
оңай араластырады. Соус, көже,
майонез, диеталық немесе сәби
тағамын әзірлеу үшін қолданыңыз.
Итергіні (6a) суретте көрсетілгендей
орналастырып, қол-блендер
саптамасын енгізіңіз. Қол-блендер
саптамасын (9) тесікке кіргізгенде
саптамадағы белгілерін мотордағы
белгілермен қатарластырыңыз.
Қол-блендерді сағат тілі бағытында
90° бұрап, кілт еткізіп бекітіңіз.
Құрылғыны қосуға дейін, қол-
блендер саптамасын тігінен ыдысқа
салыңыз. Қол-блендерді ыдысқа
салғанда 2/3 бөлігінен асырмаңыз.
Шашырамас үшін, әрқашан төмен
деңгейлі жылдамдықпен бастап,
жылдамдығын біртіндеп көтеріңіз.
Қол-блендер саптамасын
қолданғанда қосу-өшіру түймесін
басып, ұстап тұрыңыз.
Егер тамақты пісіп жатқан қазанның
ішінде тікелей араластыру қажет
болса, блендер ысып кетпес үшін,
қазанды оттан түсіріп алыңыз.
Құрылғыны өшіру үшін, саптаманы
ыдыстан алмас бұрын, қосу/өшіру
68
түймесін босатып, қуат көзінен
ажыратыңыз.
Қол-блендер саптамасын алу үшін,
сағат тіліне қарсы 90° бұрап, тартып
алыңыз.
Маңызды: Өлшегіш ыдысты (10)
қол-блендермен ғана және шағын
мөлшерлі тағамдармен ғана
қолданыңыз. Қойылтқышпен қолдануға
болмайды.
Турағыш саптамасын
қолдану (C)
Турағыш саптамасы ет, сыр, шөптер,
сарымсақ, сәбіз, жаңғақтар, т.б. үшін
қолдануға арналған.
Турауға дейін: Ет, сыр, пияз,
сәбіздерді (5-ші беттегі кестені
қараңыз) алдын ала тураңыз,
шөптердің сабағын, жаңғақтардың
қабығын, еттің сүйегі мен сіңірін
алып тастаңыз.
Тұрақтандырғыш жүзіктің (11d)
ыдысқа бекітілуін қадағалаңыз.
қтандыру: Жүздің пластик қабын
абайлап алыңыз. Жүзі өте өткір!
Жоғарғы жағындағы пластик
бөлігінен ғана ұстаңыз.
Жүзді турағыштың ыдысының орта-
сындағы істікке орналастырыңыз,
төмен қарай басып, бекітіңіз.
Турағыштың ыдысына тамақты
салыңыз.
Турағыштың қақпағын (11a) салып,
дұрыс жабылуын қадағалаңыз.
Итергіні (6a) суретте көрсетілгендеій
орналастырып, турағыштың
қақпағының істігін қақпақтағы
белгілерді мотордағы белгілеріне
қатарластырып енгізіңіз. Мотор
бөлігін сағат тілі бағытында 90°
бұрап, кілт еткізіп бекітіңіз.
Шашырамас үшін, әрқашан төмен
деңгейлі жылдамдықпен бастап,
жылдамдығын біртіндеп көтеріңіз.
Турағыш саптамасын қолданғанда
қосу/өшіру түймесін төмен қарай
басып қойыңыз және мотор бөлігін
қолыңызбен ұстап тұрыңыз. Қатты
тағамдарды турағанда (мысалы,
қатты сыр), турбо жылдамдығын
қолданыңыз.
Пісірілген тағамдарды турағанда
турағыш ыдысына салуға дейін
суытып алыңыз.