MQ5B_Zub.book Seite 25 Mittwoch, 12. November 2014 1:32 13
Өз қауіпсіздігіңіз үшін
Осы қосалқы бөлшек MQ5B.. батырмалы блендері үшін
мақсатталған. Батырмалы блендердің қолдану нұсқаулығына
назар аудара отырып әрекет етіңіз.
Қосалқы бөлшек тек қана осы нұсқаулықта жазылып көрсетілген
қолдану түрлері үшін жарамды.
, Бұл бұйым үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Өткір пышақтар арқылы жаралану қауібі!
Әмбебап ұсатқыштағы пышақты ешқашан ұстамаңыз.
Әмбебап ұсатқыштың пышағын тек қана оның пластмассадан
жасалған тұтқасынан ұстауға болады.
Әмбебап ұсатқыштың пышағын ешқашан жалаңаш қолмен түртпеңіз
не ұстамаңыз. Ол үшін тазалау қылшағын қолданыңыз.
Маңызды мәлімет!
Толымдауыштарды құрал тоқтатылып қойылғанда ғана енгізуге
немесе шығарып алуға болады.
Әмбебап ұсатқышта ешқашан батырмалы блендермен/аралас-
тыру аяғымен жұмыс істемеңіз. Әмбебап ұсатқыш шағын толқын-
ды пеште қолдану үшін жарамды емес.
Әмбебап ұсатқыштың қондырғысын тек қана құрал тоқтатылып
қойылғанда енгізуге немесе шығарып алуға болады.
Әмбебап ұсатқыштың қондырғысын ешқашан сұйықтықтарға
малуға болмайды және ағып тұрған су астында немесе ыдыс
жуу машинасында тазалауға болмайды.
Бұлғауышты негізгі құралға ешқашан редукторсыз енгізбеңіз.
Редукторды ешқашан сұйықтықтарға малуға болмайды және
ағып тұрған су астында немесе ыдыс жуу машинасында тазалауға
болмайды.
Бұл бұйым үшін маңызды қауіпсіздік
және қолдану нұсқауларын алу үшін
осы қолдану туралы нұсқаулығын
толығымен мұқиятпен оқып шығыңыз.
Қолдану туралы нұсқаулығын сақтап
жүріңіз.
Бұйымды басқа адамдарға бергеніңізде
онымен бірге Қолдану туралы
нұсқаулығын да бірге беріңіз.
Үлгілердің түрлі болуы себебінен электр
бұйым жинағыңыздағы қосалқы
бөлшектерінің кейбіреуінің жоқ болуы
мүмкін. Оларды қызмет көрсету сервис
орталығында бөлек тапсырыс беріп сатып
алуыңызға болады.
Әмбебап ұсатқыш
Екі жағынан жайып ашыңыз.
1 cурет
1 Әмбебап ұсатқыш
2 Пышақ
3 Қондырғы
4 Қақпағы
Қолдану
Ет, қатты ірімшік, пияз, татымдылар,
сарымсақ, жеміс, көкөніс, жаңғақтар,
бадамдарды ұсату үшін мақсатталған.
Кестеде (4ші сурет) берілген ең жоғары
көлемдеріне міндетті түрде назар
аударып әрекет етіңіз.
kk
25