Қосу Және Пайдалану - Hotpoint Ariston FZ 61.1 /HA Mode D'emploi

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 22
Қосу және пайдалану
! Алғаш пайдаланғанда, құрылғыны бос күйінде
KZ
есігін жауып, ең жоғарғы температурада кемінде
жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті өшіріп, оның
есігін ашпастан бұрын, бөлменің жақсы желденетінін
тексеріңіз. Өндіру кезінде қолданылған қорғағыш
заттардың жанып кетуіне байланысты жеңіл
жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Пешті қосу
1. РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті пісіру
режимін таңдаңыз.
2. ТЕРМОСТАТ тұтқасы көмегімен қажетті
температураны таңдаңыз. Тағам дайындау
режимдері және ұсынылған тағам дайындау
температуралары туралы мәліметті «Тағам
дайындау бойынша кеңестер» кестесінен қараңыз
(«Тағам дайындау режимдері» бөлімін қараңыз).
3. ТЕРМОСТАТ индикатор шамы пештің орнатылған
температураға дейін ысып келе жатқанын көрсетеді.
4. Тағам дайындау барысында төмендегі нәрселерді
орындауға болады:
- РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін өзгерту.
- ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы
температураны өзгерту.
- РЕТТЕУ тұтқасын "0" позициясына бұрап, тағам
дайындау үрдісін тоқтату.
! Эмальді қабат зақымдануының алдын алу үшін
ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін
кейбір модельдер басқару тақтасы мен пеш есігінің
арасына жел айдайтын салқындату желдеткішімен
жабдықталады.
! Пісіріп болғаннан кейін де пеш толық
салқындағанға дейін желдеткіш қосулы тұрады.
66
Пештің шамдары
РЕТТЕУ тұтқасымен
функциясы таңдалған
уақытта ол жұмысын жалғастырады. Тағам
дайындау режимі таңдалғанда ол қосылып тұрады.
Таймерді пайдалану әдісі*
1. Дыбыс сигналын орнату үшін ТАЙМЕР тұтқасын
сағат тілі бойынша бір толық айналымға бұраңыз.
2. Қажетті уақытты орнату үшін тұтқаны сағат тіліне
қарсы бұраңыз: ТАЙМЕР тұтқасында көрсетілген
минутты басқару тақтасындағы индикатормен
теңестіріңіз.
3. Таймер минуттық режимде жұмыс істейді:
таңдалған уақыт біткенде дыбыс сигналы естіледі.
! Таймер пешті қоспайды және өшірмейді.
Тағам дайындау таймерін пайдалану*
1. Дыбыс сигналын орнату үшін ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ
ТАЙМЕРІ тұтқасын сағат тілі бойынша бір толық
айналымға бұраңыз.
2. Қажетті уақытты орнату үшін тұтқаны сағат
тіліне қарсы бұраңыз: ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ
ТАЙМЕРІ тұтқасында көрсетілген минутты басқару
тақтасындағы индикатормен теңестіріңіз.
3. Таңдалған уақыт біткенде дыбыс сигналы естіледі
және пеш өшіріледі.
4. Пеш өшірілгенде тағам дайындау таймерін
қалыптағы таймер ретінде пайдалануға болады.
! Пешті қолмен пайдалану үшін, яғни тағам
дайындау таймері уақытының бітуін күткіңіз келмесе,
ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ ТАЙМЕРІ тұтқасын 9 белгісіне
дейін бұраңыз.
*
Тек белгілі модельдерде болады.

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières