Moulinex ULTRABLEND LM935E10 Mode D'emploi page 43

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 7
ЖАБДЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. Өлшеуіш кесе
2. Қақпақ
3. Құмыра
4. Алынбалы силикон тығыздауыш
5. Мотор бөлігі
6. Итергіш
7. Қуат түймесі
A. Экран
B. «Іске қосу» түймесі
C. Уақыт параметрлері
ЕСКЕРТУ: сақтық шаралары жабдықтың бөлігі болып
табылады. Жаңа жабдықты алғаш пайдалану алдында
сақтық шараларын мұқият оқып шығыңыз. Оны кейін тауып
оқуға болатын жерге қойыңыз.
Абайлаңыз!
Құмыра дұрыс қойылған жағдайда ғана жабдық жұмыс
істейді.
ЖАБДЫҚТЫ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
• Жабдықты алғаш пайдалану алдында тамаққа тиетін мотордан басқа бөліктерді
(құмыра, қақпақ және өлшеуіш кесе) өзіңіз жылы сабынды сумен жуыңыз.
ЕСКЕРТУ: Пышақтар өте өткір және алынбайды.
• Жабдықты іске қоспас бұрын барлық қаптамалардың алынғанына көз жеткізіңіз.
• Қақпақ орнына қойылмаған болса, блендерді іске қоспаңыз.
ЖАБДЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ
• Құмыра құлап қалмас үшін жабдықты тегіс жерге қойыңыз.
• Силикон тығыздауыш мотор бөлігіне қойылғанына көз жеткізіңіз. Құмыраны мотор
бөлігіне дұрыстап қойыңыз.
• Ингредиенттерді көрсетілген максималды деңгейден (2 л) асырмай құрастырылған
құмыраға салыңыз. Көпіретін тамақтар үшін құмыраны жартылай (1 л) толтырған
жөн.
• Ыстық сорпа істегеннен кейін құмыраның 2 рецепт арасында суығанын күтіңіз.
• Көп рецепттердің сұйықтықтарын араластыру үшін 3 минуттан аз уақыт жеткілікті.
• Құмыраның қақпағын бекітіңіз. Өлшеуіш кесені қақпақтағы өз орнына қойып бұрап
бекітіңіз.
• Араластыру кезінде ингредиенттер қосу үшін, қақпақтағы өлшеуіш кесені алып,
ингредиенттерді саңылаудан салыңыз. Шашырау қаупінен сақ болыңыз.
• Блендерді ток көзіне жалғап, жабдықтың оң жақ төменгі бөліктегі «Қуат» түймесін
D. Жылдамдықтың 1- 10 дейінгі
параметрлері
E. «Смузи» режимі
F. «Ыстық сорпа» режимі
G. «Қарқын» түймесі
H. «Сорбет» режимі
I. «Автоматты тазалау» режимі
Сұйық кристалды экранда:
"H" таңбасы ең соңғы және ең жоғарғы
жылдамдықты (10 ) білдіреді
KK
41

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières