ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалау
Маңызды!
Барлық техникалық қызмет көрсету түрлері үшін, алдымен
штепсельді розеткадан қолмен тарту арқылы немесе үйдің негізгі
қосқышын өшіру арқылы, плита үстіндегі сорғыш құрылғыға
жалғанған электр желісін өшіріңіз. Сорғыш құрылғының ішкі жағы
қалай тазаланса, сыртқы жағын да солай үнемі тазалап тұру қажет.
Ысқыш тазалау өнімдерін пайдаланбаңыз. Алкогольді
пайдаланбаңыз!
Маңызды!
Егер құрылғыны тазалау немесе сүзгілерді ауыстыруға қатысты
нұсқаулар орындалмаса, өрттің шығуына алып келуі мүмкін. Осы
нұсқаулар орындалуы тиіс! Өндіруші дұрыс емес техникалық қызмет
көрсету немесе жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік нұсқауларын
сақтамау нəтижесінде туындаған сорғыш құрылғының зақымдалуы
немесе өрттің шыққаны үшін жауапты емес.
Плита үстіндегі сорғыш құрылғы
Сорғыш құрылғыны сабынды сумен жəне жұмсақ матамен
тазалаңыз.
Содан кейін таза сумен шайыңыз. Ойып түсіретін өткір сода
сияқты өткір тазалау құралдарын пайдаланбаңыз. Сорғыш
құрылғы балауызды пайдаланғаннан кейін мерзімді түрде ысып
жылтыратылса, ол жақсы күйінде сақталады.
Тот баспайтын болат сорғыш құрылғы
Тот баспайтын болат сорғыш құрылғына тазалау үшін, тазартқыш
қатты ысқыштарды немесе ысқыш тазалау құралдарын
пайдаланбаңыз. Ыспайтын, ысып жылтыратпайтын құралмен
тазалаңыз жəне тот баспайтын болат метал текстурасының бағыты
бойынша тегістеңіз.
KK 9