ПАЙДАЛАНУ
Интенсивті параметрді іске қосу:
•
«+» түймесін (8) шамамен 2 секундқа басып тұрыңыз.
Интенсивті параметр («Р» параметрі) он минутқа іске
қосылады (үлгісіне байланысты). Осы кезде дисплей (5)
жыпылықтайды. Бастапқы сору параметрі осы кезеңнен кейін,
қайта іске қосылады.
•
Интенсивті параметрді өшіру үшін, «+» түймесін (8) тез басып,
босатыңыз.
Таймерді іске қосу
•
Таймер түймесін (9) басыңыз.
Таймер индикаторы жанады.
Плита үстіндегі сорғыш құрылғы 10 минуттан кейін
автоматты түрде өшеді.
•
'-' '2' түймешігін басу арқылы таймер функциясын өшіріңіз.
Егер таймер аяқталғанда, жарық жанып тұрса, оның қарқындылығы
автоматты түрде 30-40 пайызға азаяды.
Ескертпе!
Егер интенсивті параметр таңдалса, таймер функциясын іске қоса
алмайсыз.
Таза ауа функциясы
Таза ауа функциясы ас үйдегі ауаны максимум 12 сағатқа желдетуге
мүмкіндік береді.
•
Плита үстіндегі сорғыш құрылғыны өшіріңіз.
•
Таймер түймесін (9) шамамен 4 секундқа басып тұрыңыз.
Плита үстіндегі сорғыш құрылғы əр сағат сайын 10 минутқа
ең төменгі айналым параметрімен автоматты түрде іске
қосылады. Сору кезінде таза ауа индикаторы жыпылықтайды (6).
Сорғыш құрылғы 10 минуттан кейін өшкен кезде, сорғыш
құрылғы 50 минуттан кейін қайта іске қосылғанша, таза ауа
индикаторы (6) үздіксіз жанады.
•
Сол уақытта кез келген түймені (жарыққа арналған бір түймеден
басқасы) басу арқылы, таза ауа функциясын өшіріңіз.
KK 7