Télécharger Imprimer la page

Bosch GSA 16-32 Professional Notice Originale page 106

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 16
OBJ_BUCH-2842-001.book Page 106 Wednesday, April 5, 2017 5:39 PM
106 | Қaзақша
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
 Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
 Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайда-
ланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Қылышты аралар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
 Алмалы-салмалы құралдар жасырылған тоқ
сымына немесе өз желі кабеліне тиюі мүмкін
болған жұмыстарды орындаған кезде құралды
айырылған тұтқасынан ұстаңыз. Тоқ өтетін сымға тию
металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып
келуі мүмкін.
 Қолыңызды аралау өрісінен тыс ұстаңыз.
Дайындама астынан ұстамаңыз. Ара полотносына
тию жарақаттану қауіпін тудырады.
 Электр құралды дайындамаға тек қосулы ретте
апарыңыз. Әйтпесе алмалы-салмалы аспап
дайындамаға ілінсе кері соғу қауіпі пайда болады.
 Аралауда тіреуіш тақтаны 2 дайындамаға қатты
басыңыз. Ара полотносы ілініп, электр құралын
бақылауды жоғалтуға алып келуі мүмкін.
 Жұмысты аяқтағаннан кейін электр құралын
өшіріп, оның толық тоқтағанынан соң ғана ара
полотносын кесіктен шығарыңыз. Сол арқылы кері
соғудан сақтанып, электр құралын қауіпсіз күйге
келтіресіз.
1 609 92A 2L1 | (5.4.17)
 Бұзылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз.
Қисайған немесе өтпес ара полотнолары сынуы, кесікті
зақымдауы немесе кері соғу себебін тудырады.
 Ара полотносын өшіргеннен соң бүйір басу арқылы
тоқтатпаңыз. Ара полотносы бұзылуы, сынуы немесе
керу соғу себебін тудыруы мүмкін.
 Материалды қатты қысыңыз. Дайындаманы қол
немесе аяқпен тіремеңіз. Істеп тұрған қылышпен
ешқандай зат немесе жерге тимеңіз. Кері соққы
қаупі бар.
 Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпе-
лерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға апаруы
мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы бекем тірелген ағаштарды, пластмассаны,
металды және құрылыс материалдарын аралауға
арналған. Тікелей және қисық кесіктерге арналған. Ара
полотнолары ұсыныстарын орындау қажет.
Осы элекр құралының жарығы электр құралының тікелей
жұмыс жайын жарықтандыруға арналған болып үйде
бөлмені жарықтандыруға арналмаған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірлері суреттері бар беттегі
электр құралының сипаттамасына негізделген.
1 Ара полотносы*
2 Тіреу тақтасы
3 Көтергіш
4 Ара дискісін босату тұтқышы
5 Ілгектер
6 Тербелу үшін бұрама қосқыш (3 басқышты)
7 Ауа қорғағышы
8 Дірілдеуді бәсеңдету (шешілген тұтқа)
Bosch Power Tools

Publicité

loading