Télécharger Imprimer la page

Monitor Audio Gold W15 Manuel Utilisateur page 150

Masquer les pouces Voir aussi pour Gold W15:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 17
2 каналды (сол және оң) стерео кіріс
саңылаулары арқылы орындалатын
бастапқы параметрлер
2 каналды стерео зорайтқышын немесе LFE шығыс каналы
жоқ зорайтқышты пайдаланатын болсаңыз, стереоның
сол және оң жақ кіріс саңылаулары қажет болуы мүмкін.
Зорайтқыштан шығатын 2 x байланыс кабельдерін (сол
және оң) желінің сол және оң жақ кіріс саңылауларына
жалғаңыз.
Қандай да бір музыканы/сынақ дыбыстарын ойнатудан
бұрын, төменде көрсетілген нұсқаулықты пайдаланып,
төмен деңгейге орнатылған алдын ала зорайтқыштың
көмегімен сабвуферді жоғары орнатыңыз.
LEO бөлме эквалайзерін іске қосу (148-бет)
Дыбыс деңгейін 0 дБ мәніне орнату (144/ 145-бет)
LFE каналы сіздің негізгі динамиктеріңізге сәйкес
орнатылуы қажет (149-бет)
Фазаны 0 мәніне орнату (149-бет)
EQ параметрін ӨШірУ (149-бет)
LEO параметрін ҚОСУ (150-бет) Калибрлеуден кейін
LEO автоматты түрде қосылады
LEO іске қосу
LEO бөлме түзетімдерін іске қоспас бұрын, оны орнату
қажет. Ол үшін, мына қарапайым қадамдарды орындаңыз.
1.
Төмендегі суретте көрсетілгендей, микрофонның
штепсель сымын штепсель ұяшыққа жалғаңыз.
2.
Микрофонды құлақ деңгейінде еститіндей етіп
қойыңыз.
Микрофонды мына жерге жалғаңыз
3.
ЕСКЕрТПЕ: Gold W15 және микрофон арасында
бөлмедегі қалыпты заттардан басқа ешқандай
кедергі жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
4.
Пульттегі "Cal" түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
Ол іске қосылған кезде, дисплейде "CAL" сөзі пайда
болып, сынақ дыбысы естіледі.
5.
LEO калибрлеуі аяқталған кезде, дисплей қайта
бастапқы экранға (дисплейдің ортасындағы қызыл
нүкте) қайтады. LEO функциясы да қосылады.
Мәзір жүйесі
Төмен жиілікті сүзгі
Төмен жиілікті сүзгі (LPF) кроссовер нүктесін және негізгі
динамиктермен төмен түсу бұрышын орнатады. Ол тек стерео
режимінде жұмыс істейді. LFE кіріс каналын пайдаланған
кезде, кроссовер орнату опциясы қолжетімсіз, себебі ол AV
процессоры/қабылдағышы арқылы басқарылады.
Кесстеде негізгі динамиктерге тәуелді ұсынылған кроссовер
нүктелері беріледі. Төмен түсу бұрышы жоғарғы жиіліктің
қаншалықты төмен түскенін қалайтыныңызға байланысты
болады. Оны -6, -12, -18, -24 дБ/октава қадамдарында
реттеуге болады. Gold W15 құрылғысын герметикалық
динамиктермен қосқан кезде, төмен түсу бұрышы -12дБ/
октава және портты динамиктермен қосқан кезде -24дБ/
октава болатындай пайдаланған дұрыс. Алайда, эксперимент
жасап көрген де дұрыс.
Пульттің көмегімен LPF орнату
Қуатқа қосылып, күту режимінен шығарылған Gold W15
құрылғысымен LPF орнату үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1.
Оң ЖАҚ көрсеткіні басыңыз. Дисплей LPF сүзгісіне
өзгереді
2.
ENTER пернесін басыңыз. Дисплей ағымдағы параметрді
көрсету үшін, өзгереді, мысалы, 60
3.
Параметрді реттеу үшін, ЖОғАры/ТӨМЕН көрсеткілерін
басыңыз
4.
Таңдап, сақтау үшін, ENTER пернесін басыңыз. Таңдауды
растау үшін, дисплей екі рет жанады және содан кейін
төмен түсу бұрышын көрсетеді мысалы, -12
5.
Параметрді реттеу үшін, ЖОғАры/ТӨМЕН көрсеткілерін
басыңыз
6.
Таңдап, сақтау үшін, ENTER пернесін басыңыз. Таңдауды
растау үшін, дисплей екі рет жанады және содан кейін LPF
сүзгісін көрсетеді
Басқару панелін кодтау құралымен
LPF орнату
Қуатқа қосылып, күту режимінен шығарылған Gold W15
құрылғысымен LPF орнату үшін, мына қадамдарды
орындаңыз:
1.
Кодтау құралын басыңыз. Дисплей LPF сүзгісіне
өзгереді
2.
LPF мәзіріне кіру үшін, кодтау құралын қайта басыңыз.
Дисплей ағымдағы параметрді көрсету үшін, өзгереді,
мысалы, 60
3.
Параметрді өзгерту үшін, кодтау құралын солға немесе
оңға бұрыңыз
4.
Таңдап, сақтау үшін, кодтау құралын басыңыз.

Publicité

loading