Пайдалану нұсқаулары
Әрдайым тек лазер сызығының орталығын пайдаланыңыз.
u
Лазер сызығының ені қашықтықпен өзгереді.
Ұстағышпен бекіту (A суретін қараңыз)
Ұстағыштың (16) көмегімен өлшеу құралын 10 және 60 мм
аралығындағы қалындыққа ие түрлі заттарға, мысалы, тік немесе
көлденең тақталарға немесе құбырларда бекітуге болады.
Ұстағыштың бекіткіш бұрандасын (15) босатып, ұстағышты қажетті
жерге орнатыңыз және бекіткіш бұранданы қайтадан тартып қойыңыз.
Өлшеу құралын штатив бекіткішімен (8) ұстағыштың 1/4 дюймдік
бұрандасына (13) орнатып, оны күш қолданып ұстағышқа бұрап
бекітіңіз. Өлшеу құралын тым қатты бұрамаңыз, әйтпесе ол зақымдалуы
мүмкін.
Өлшеу құралын қосудан бұрын ұстағышты шамамен туралаңыз. Ол үшін
ұстағыштың бекіткіш бұрандасын (14) босатыңыз. Өлшеу құралын
қалаулы биіктікке көлденең күйде жылжытыңыз (штатив бекіткіші (8)
төмен қаратылған). Бекіткіш бұранданы қайтадан бұрап бекітіңіз.
Өлшеу құралын адаптер тақтасымен (3) да ұстағышқа бекітуге болады.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны болады. Өлшеу
құралын 1/4" штатив патронымен (8) штативтің (6) немесе стандартты
фотоштативтің бұрандасына орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі
құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Өлшеу құралын адаптер тақтасымен (3) де штативке бекітуге болады.
Адаптер тақтасымен жұмыс істеу (B–C суреттерін қараңыз)
Адаптер тақтасы (3) өлшеу құралының негізгі нүктеге дәл бағытталуын
оңтайландырып өлшеу құралын жылдам орнатуға және алып тастауға
мүмкіндік береді.
Адаптер тақтасын (3) ұстағышқа (16) немесе штативке (6) де бекітуге
болады.
– Ұстағыш: адаптер тақтасын 1/4" патронмен (1) ұстағыштың
бұрандасына (13) орнатып, күшпен ұстағышқа бұрап бекітіңіз.
Нұсқау: өлшеу құралының позициясын өзгерту қажет болса,
ұстағыштың бекіту бұрандасын (14) босатыңыз. Адаптер тақтасын
Bosch Power Tools
Қазақ | 181
1 609 92A 64W | (11.12.2020)