Bosch PFS 105 E Notice Originale page 136

Masquer les pouces Voir aussi pour PFS 105 E:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 20
OBJ_BUCH-420-003.book Page 136 Monday, October 14, 2013 2:59 PM
136 | Қaзақша
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
 Электр құралдарын пайдалану кезінде балалар
және басқа адамдарды ұзақ жерге шеттетіңіз.
Ауытқу кезінде құрал бақылауын жоғалтуыңыз мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
 Электр құрал штепселінің айыры розеткаға сыюы
қажет. Айырды ешқандай өзгерту мүмкін емес.
Жерге қосулы электр құралдармен бірге ешқандай
адаптерлік айырды пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген
айыр және жарамды розеткаларды пайдалану электр
тоғының соғу қаупін төмендетеді.
 Құрылғыны жаңбырдан, сыздан қорғаңыз. Электр
құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу
қаупін арттырады.
 Электр сымын орынды қолданыңыз, электр құралын
тасымалдау, асып қою немесе айырын розеткадан
шығару үшін пайдаланбаңыз. Электр сымын жоғары
температурадан, майдан, өткір қырлардан, электр
құралының қозғалмалы бөлігінен қорғаңыз.
Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель электр
тоғының соғу қаупін арттырады.
 Электр құралымен ашық аспан астында жұмыс
істесеңіз, тек сыртта пайдалануға рұқсат етілген
ұзартқыш кабельді пайдаланыңыз. Сыртта
пайдалануға арналған ұзартқыш - кабельді пайдалану
электр тоғының соғу қаупін төмендетеді.
 Электр құралын ылғалды ортада пайдалану қажет
болса, онда оны автоматты сақтандырғыш
ажыратқышы арқылы қосыңыз. Автоматты
сақтандырғыш ажыратқышын пайдалану тоқ соғу
қаупін төмендетеді.
Адам қауіпсіздігі
 Жеке сақтайтын киімді және әрдайым қорғаныш
көзілдірікті киіңіз. Электр құрал түріне немесе
пайдалануына байланысты шаңтұтқыш, сырғудан
сақтайтын бәтеңке, сақтайтын шлем немесе құлақ
сақтағышы сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию
жарақаттану қаупін төмендетеді.
Электр құралын пайдалану және күту
 Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосылмайтын немесе өшірілмейтін
электр құралын пайдалану қауіпті. Оны жөндету қажет.
 Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралы қауіпті
болады.
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқаулыққа сай
пайдаланыңыз. Жұмыс жағдайына және
орындалатын әрекеттерге назар аударыңыз.
Электр құралдарды арналмаған жұмыстар үшін
пайдалану қауіпті жағдайларға алып келуі мүмкін.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек қана білікті маманға және
оригиналды бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
құрылғының қауіпсіздігін сақтайсыз.
1 609 92A 0BR | (14.10.13)
Бүріккіш жүйелер үшін қауіпсіздік
нұсқаулары
 Жұмыс аймағын таза, жарық және бояу немесе
еріткіш ыдыстарынан, шүберектерден және басқа
жанаты материалдардан бос ұстаңыз. Өз оталу
қаупі. Жұмыс өрт сөндіргішін/сөндіргіш аспаптарын
әрдайым қолжетімді ретте ұстаңыз.
 Бүріккіш аймағын желдетуді және бөлмеде
жетерлік таза ауа болуын қамтамасыз етіңіз.
Буланып кеткен өртенгіш ерткіштер жарылуы мүмкін
қоршауды жасайды.
 Жанатын нүктесі 55 °C төмен жатқан
материалдарды бүркітпеңіз және тазаламаңыз. Су,
кем ұшатын көмірсутек немесе ұқсас заттар
негізіндегі материалдарды пайдаланыңыз. Жылдам
ұшатын буланған еріткіштер жарылуы мүмкін болған
қоршауды жаратады.
 Тұрақты электр ұшқандар, ашық алау, оталулар,
ыстық заттар, қозғалтқыштар, шылым және тақ
кабельдерін қосып өшіруден немесе өшіргіштерді
пайдаланудан шығатын ұшқындар аймағында
бүркімеңіз. Осындай ұшқын көздері қоршау оталуына
алып келуі мүмкін.
 Қаупі белгілі болмаған материалдарды
пайдаланбаңыз. Белгісіз материалдар қаупті
шарттарды жаратады.
 Химиялық заттарды бүрку немесе қолдану кезінде
тиісті қорғайтын қолғап пен сақтайтын немесе газдан
сақтайтын маска сияқты қосымша жеке қорғау
жабдықтарын киіңіз. Тиісті шарттарда қорғайтын
жабдықтарды пайдаланып қаупті заттардан сақтаныңыз.
 Бүріккіш заттардың қауптеріне назар аударыңыз.
Ысдыстағы белгілерге назар аударыңыз немесе
бүріккіш заттардың өндіруші нұсқауларын
ескеріңіз, сонымен бірге жеке сақтайтын
жабдықтарды пайдалану талаптырын да. Өндіруші
нұсқауларын орындау алау, у, концероген т.б. арқылы
жарақаттану қаупін төмендетуі мүмкін.
 Желі айыры мен бүріккіш пистолеттің
түймешесінде бояу мен басқа сұйықтықтар
болмауы тиіс. Ажыратқыштарға қосуда ешқашан
кабельді ұстамаңыз. Орындамау нәтижесінде тоқ
соғуына алып келуі мүмкін.
 Балаларға абай болыңыз. Балалардың бүріккіш
жүйемен ойнамауына көз жеткізіңіз.
 Осы бүріккіш жүйені 8 жастан асқан балалардың
және дене, сезім немесе ойлау қабілеттері
шектелген немесе тәжірібесі мен білімі аз
адамдардың жүйені қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқаусыз және жауапты адамның бақылауынсыз
пайдалануы аса қауіпті. Кері жағдайда дұрыс
пайдаланбау және жарақаттанулар қаупі пайда болады.
 Балалардың бүріккіш жүйені тазалауына немесе
жөндеуіне жол бермеңіз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières