– Шпиндельді бұғаттау түймесін (5) басып, ұстап
тұрыңыз.
– Алты қырлы дөңбек кілтпен (3) қысқыш винтті (25) ➋
бағытында бұрап бекітіңіз. Тарту моменті 6–9 Нм
құрауы керек, қолмен бұрау плюс ¼ айналымға сәйкес
келеді.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сору адаптерін орнату (B суретін қараңыз)
Сору адаптерін (28) жоңқаны шығаруға арналған келте
құбырға (16) тірелгенше салыңыз. Сору адаптерін (28)
қосымша бұрандамен (27) бекітіңіз.
Сору адаптеріне (28) диаметрі 35 мм сору шлангын
жалғауға болады.
Сору адаптерін сору құрылғысын жалғамай қосуға
u
болмайды. Әйтпесе сору арнасы бітеліп қалуы
мүмкін.
Сору адаптеріне шаң жинау қабын кигізуге
u
болмайды. Әйтпесе сору жүйесі бітеліп қалуы мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін
(28) жүйелі түрде тазалап тұру керек.
Сыртқы сорғыш
Сорғыш шлангіні (35) шаңсорғышқа (керек-жарақ)
жалғаңыз. Осы нұсқаулықтар соңында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Bosch Power Tools
Пайдалану
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Пайдалану түрлері
Кесік тереңдігін реттеу (C суретін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
u
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Қысқыш тұтқышты (29) босату. Шағын аралау тереңдігі
үшін араны тірек тақтадан (6) ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін араны тірек тақтаға (6) басыңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді
орнатыңыз. Цангалық қысқышты (29) берік бекемдеңіз.
Қысқыш тұтқыштың (29) қысу күшін реттеуге болады. Ол
үшін (29) қысқыш тұтқышты шешіп кемінде сағат тіліне
қарсы 30°-ке жылжытып қайта бекітіңіз.
Еңкейту бұрышын реттеу (GKS 18V-57 G)
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (17) бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Қатпарлы бұрандамаларды (8) және (15) босатыңыз.
Араны бұраңыз. Қажетті өлшемді (9) шкаласында
орнатыңыз. (8) мен (15) қатпарлы бұрандаларын қайта
бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (30) көрсетілген саннан кем.
Еңкейту бұрышын реттеу (GKS 18V-57)
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (17) бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Қатпарлы бұрандаманы (8) босатыңыз. Араны бұраңыз.
Қажетті өлшемді (9) шкаласында орнатыңыз. Құлақты
бұрғыны (8) қайта берік бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (30) көрсетілген саннан кем.
Кесік белгілері (GKS 18V-57):
45
0
0° кесу белгісі (11) тік бұрышпен аралау кезіндегі аралау
дискісінің күйін көрсетеді. 45° кесу белгісі (10) 45°-
бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін
көрсетеді.
Қазақ | 181
45
0
1 609 92A 7SZ | (18.05.2022)