Bosch GTS 18V-216 Professional Notice Originale page 319

Masquer les pouces Voir aussi pour GTS 18V-216 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 45
Ара дискісінің тасымалдау және жұмыс күйі
Тасымалдау күйі
– Қорғаныш қаптаманы (3) алып тастап, үстел
ендірмесін (25) алып тастаңыз және сынаны (4) ең
төменгі күйге орналастырыңыз. Үстел ендірмесін (25)
қайтадан орнатыңыз.
– Қос иінді (15) сағат тілінің бағытына қарсы ара
дискісінің (26) тістері аралау үстелінің (23) астында
тұрғанша бұраңыз.
– Аралау үстелінің кеңейтімін (6) толығымен ішке қарай
жылжытыңыз.
Қысқыш тұтқаны (13) төмен қарай итеріңіз. Сонда
аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.
Жұмыс күйі
– Сынаны (4) ара дискісі ортасының тура үстінен ең
жоғарғы күйде орналастырыңыз, үстел ендірмесін
(25) орнатыңыз және қорғаныш қаптаманы (3)
монтаждаңыз.
– Қос иінді (15) ара дискісінің (26) жоғарғы тістері
дайындамадан шамамен 3 − 6 мм-ге жоғары болғанша
сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Аралау үстелін үлкейту
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Аралау үстелінің кеңейтімі (A суретін қараңыз)
Аралау үстелінің кеңейтімі (6) аралау үстелін (23) оңға
қарай кеңейтеді.
– Аралау үстелінің кеңейтіміне арналған қысқыш
тұтқаны (13) толығымен жоғары қарай тартыңыз.
– Аралау үстелінің кеңейтімін (6) қажетті ұзындыққа
дейін сыртқа қарай тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (13) төмен қарай итеріңіз. Сонда
аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.
Тік және көлденең еңіс бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Тік еңіс бұрышын реттеу (ара дискісі) (B суретін
қараңыз)
Тік еңіс бұрышын 0° және 45° аралығындағы диапазонда
реттеуге болады.
– Бекіткіш иінтіректі (20) сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап босатыңыз.
Нұсқау: бекіткіш иінтірек толық босатылғанда, ара
дискісі тарту күшінің арқасында шамамен 30°-қа тең
күйге аударылады.
– Сермерді (14) бұрыш индикаторы (21) қажетті тік еңіс
бұрышын көрсеткенше кулиса бойымен тартыңыз.
– Сермерді осы күйде ұстап тұрып, бекіткіш иінтіректі
(20) қайтадан бекітіңіз.
Bosch Power Tools
0° және 45° стандартты бұрыштарды жылдам әрі дәл
реттеу үшін зауытта орнатылған тіректер ((22), (18))
қолданылады.
Көлденең еңіс бұрышын реттеу (бұрыштық тірек)
(C суретін қараңыз)
Көлденең еңіс бұрышын 30° (сол жақ) және 30° (оң жақ)
аралығындағы диапазонда реттеуге болады.
– Бекіткіш бастиек (54) тартылған болса, оны
босатыңыз.
– Бұрыштық тіректі бұрыш индикаторы (55) қажетті еңіс
бұрышын көрсеткенше бұраңыз.
– Бекіткіш бастиекті (54) қайтадан тартыңыз.
Параллель тіректі реттеу
Параллель тіректі (5) ара дискісінің сол (қара түсті
шкала) немесе оң (күміс түсті шкала) жағында
орналастыруға болады. Шкала индикаторындағы (56)
таңбалама шкаладағы (1) параллель тірек пен ара
дискісінің реттелген арақашықтығын көрсетеді.
Параллель тіректі ара дискісінің қажетті жағына
орналастырыңыз (қараңыз „Параллель тіректі монтаждау
(e суретін қараңыз)", Бет 316).
Параллель тіректі тартылмаған
аралау үстелінде реттеу
– Параллель тіректің (5) қысқыш тұтқасын (41)
босатыңыз. Параллелль тіректі шкала
индикаторындағы (56) таңбалама ара дискісіне дейінгі
қажетті арақашықтықты көрсеткенше жылжытыңыз.
Аралау үстелі тартылмаған жағдайда, күміс түсті
шкаланың (1) астыңғы жазбасы жарамды болады.
– Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (41) қайтадан төмен
қарай итеріңіз.
Параллель тіректі тартылған
аралау үстелінде реттеу (D суретін қараңыз)
– Параллель тіректі ара дискісінің оң жағында
орналастырыңыз.
Параллель тіректі шкала индикаторындағы (56)
таңбалама астыңғы шкалада 29 см көрсеткенше
жылжытыңыз.
Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (41) қайтадан төмен
қарай итеріңіз.
– Аралау үстелінің кеңейтіміне арналған қысқыш
тұтқаны (13) толығымен жоғары қарай тартыңыз.
– Аралау үстелінің кеңейтімін (6) арақашықтық
индикаторы (57) жоғарғы шкаладағы ара дискісіне
дейінгі қажетті арақашықтықты көрсеткенше сыртқа
тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (13) төмен қарай итеріңіз.
Сонда аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.
Қосымша параллель тіректі реттеу (E суретін
қараңыз)
Жұқа дайындамаларды аралау үшін және тік еңіс
бұрышында аралау үшін қосымша параллель тіректі
(43) параллель тірекке (5) орнату керек.
Қазақ | 319
1 609 92A 6SY | (01.09.2021)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

3 601 m44 0003 601 m44 0403 601 m44 0k03 601 m44 0b0

Table des Matières