Metabo KHE 2245 Notice Originale page 67

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 12
7.3
Жұмыс режимін таңдау
Бұғаттаманы (9) басып, ауыстырып қосқыш
түймені (10) бұраңыз.
Соққылап бұрғылау
(тек перфораторлық бұрғы патроны (1)
пайдаланылған кезде реттеу)
Қашау
(тек перфораторлық бұрғы патроны (1)
пайдаланылған кезде реттеу)
Қашау позициясын реттеу
Осы күйде қашауды қажетті позицияға
бұраңыз. Содан кейін қашауды
бұралмайтындай етіп бұғаттау үшін
"Қашау" параметрін реттеп шығыңыз.
Бұрғылау
Қашау енгізілген кезде, аспапты тек қашау
жұмыс режимінде қолданыңыз.
Қашауы керілген аспапта иінтіректің
қозғалыстарына жол бермеңіз.
7.4
Айналу бағытын таңдау
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (11)
қозғалтқыштың тоқтатылған күйінде ғана
қосыңыз.
Айналу бағытын таңдау:
R = оң жаққа айналу (бұрғылау, соққылап
бұрғылау, қашау, бұрандаларды бұрап
кіргізу үшін)
L = сол жаққа айналу (бұрандаларды бұрап
шығару үшін)
7.5
Бұрғылау патронын ауыстыру (KHE ....
Q)
Патронды алмастырған кезде
шпиндельдің (6) тазалығына назар
аударыңыз. Шпиндельді сәл майлаңыз.
(арнайы май: тапсырыс № 6.31800).
Тек Metabo жеткізілім жиынтығындағы
бұрғылау патронын орнатыңыз.
Патронды алып тастау:
2-беттегі C сур. қараңыз.
- Патрон құлпын (3) көрсеткі бағытымен
тірелгенше бұраңыз (a) және патронды тартып
алыңыз (b).
Патронды орнату:
2-беттегі D сур. қараңыз.
- Патронды шпиндельге (6) орнатыңыз (a).
- Патрон құлпын (3) көрсеткі бағытымен, патрон
толықтай шпиндельге орнатылғанша бұраңыз
(b) да, патрон құлпын жіберіңіз.
- Патронның мықтап бекітілгенін тексеріп
шығыңыз.
Нұсқау: патронды алмастырған кезде онымен
бірге шпиндельдің айналуына жол бермеу үшін
ауыстырып қосқыш түймені (10) қашау
күйіне орнатыңыз.
7.6
Құралды алмастыру, перфораторлық
бұрғы патроны
Құрал білігін енгізуден бұрын тазалап
шығыңыз және арнайы маймен майлаңыз
(тапсырыс № 6.31800)! Тек SDS-Plus
құралдарын енгізіңіз!
Құралды енгізу:
- Құралды бұрап, тірелгенше енгізіңіз. Құрал
автоматты түрде құлыптанады.
Құралды шығару:
2-беттегі A сур. қараңыз.
- Құрал құлпын (2) көрсеткі бағытымен артқа
тартыңыз (a) және құралды шығарып алыңыз
(b).
7.7
Құралды алмастыру, жылдам
қысылатын бұрғылау патроны (KHE ....
Q)
Жылдам қысылатын бұрғылау патронын
металл, ағаш және т.с.с. материалдар бойынша
соққысыз бұрғылау кезінде және бұрау үшін
қолданыңыз.
Жұмыс құралын керу (2-беттегі B сур.
қараңыз):
Төлкені (5) "АШЫҚ, БОСАТУ" бағытымен
бұраңыз (a). Құралды барынша терең енгізіп (b),
төлкені, шерту сезілетін механикалық
қарсылықтан өткенше, қарама-қарсы бағытпен
бұраңыз (c). Назар аударыңыз! Құрал әлі де
тартылмаған!
Ары қарай бұрау мүмкін болмай қалғанша (бұл
ретте "шерту" дыбысы болуы керек), күшпен
ары қарай бұраңыз - сонда ғана құрал мықтап
тартылады.
Нұсқаулар: патронды ашқаннан кейін естілуі
мүмкін сатырлау (функцияға байланысты)
төлкені кері бұрау арқылы өшіріледі.
Құрал білігі жұмсақ болған жағдайда қысқа
уақыт бұрғылағаннан кейін қосымша тарту
керек.
8. Техникалық қызмет көрсету,
тазалау
Шпиндельді (6) әрдайым таза ұстаңыз және
сәл майлап тұрыңыз. (арнайы май: тапсырыс №
6.31800)
Жылдам қысылатын бұрғылау патронын (4)
тазалау:
Ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін бұрғылау
патронын, саңылауын төмен қаратып, тігінен
ұстап тұрыңыз және бірнеше рет толықтай
ашып жабыңыз. Жиналған шаң саңылаудан
түсіп қалады. Тазалағыш спрейді қыспа
жұдырықшаға және қыспа жұдырықша
саңылауларына жүйелі түрде пайдалануға
кеңес беріледі.
Желдету саңылаулары:
Аспаптың желдету саңылауларын кейде-кейде
тазалап тұрыңыз.
ҚАЗАҚША kk
67

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Khe 2445Khe 2645Khe 2645 qKhe 2845Khe 2845 q

Table des Matières