▶ Егер электр құралмен жұмыстар ашық ауада орындалса, тек бөлмелерден тыс қолдануға рұқсат
етілген ұзартқыш кабельдерді пайдаланыңыз. Бөлмелерден тыс қолдануға жарамды ұзартқыш
кабельді пайдалану электр тогының соғу қаупін азайтады.
▶ Ток үзілген жағдайда аспапты өшіріңіз және желілік штекерді ажыратыңыз.
▶ Ендірілген розетканы тек пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген мақсаттарда қолануға рұқсат
етіледі.
▶ Кір немесе ылғалды аспапты пайдалануға тыйым салынады. Қолайсыз жағдайларда аспап бетінде
жиналатын ылғал мен шаң (әсіресе төк өткізгіш материалдардан) электр тогының соғуын тудыруы
мүмкін. Ток өткізгіш материалдарды өңдеу қажет болған кезде, кірленген аспапты жүйелі түрде Hilti
сервис орталығына тексертіңіз.
2.3 Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Сақ болыңыз, не істеп жатқаныңызды қадағалаңыз және аспаппен жұмыс істегенде ақылды
пайдаланыңыз.
Аспапты шаршап тұрған күйде немесе есірткілер, алкоголь немесе дәрілер
әсерінің астында болсаңыз пайдаланбаңыз. Аспаппен жұмыс істегендегі бір сәт зейінсіздік ауыр
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Аспаппен жұмыс істегенде жұмыс істейтін адам және оның жанындағы тұлғалар тиісті қорғауыш
көзілдірікті, қорғауыш шлемді, қорғауыш құлаққапты, қорғауыш қолғаптарды және жеңіл
респираторды киюі керек.
▶ Шаңсорғыштың берік тұруына жол беру үшін дөңгелек тежегіштерін іске қосыңыз.
тежегіштері ашық болса, шаңсорғыш қозғалысы бақыланбауы мүмкін.
▶ Егер шаңды жинау және кетіруге арналған аспаптарды қосу қарастырылған болса, олар
қосылғанына және мақсаты бойынша қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз. Шаңды кетіру модулін
пайдалану шаңның зиянды әсерін азайтады.
2.4 Шаңсорғыштың қауіпсіздік бойынша нұсқаулары
•
Қызмет көрсетуші мамандар шаңсорғышпен жұмыс істеу бойынша нұсқауларды алдын ала алуы
керек, сондай-ақ, қоқыстар төндіретін қауіп және оларды қауіпсіз жою туралы хабардар етілуі
керек.
•
Осы шаңсорғышты адамдарға және жануарларға бағыттауға тыйым салынады.
•
Шаңсорғышты тұрақты түрде үздіксіз жұмыс режимінде, автоматты немесе жартылай автоматты
қондырғыларда қолданбаңыз.
•
Шаңсорғыш корпусын заттарды қоятын тұғыр ретінде пайдаланбаңыз.
•
Шаңсорғышты су астында қолдануға тыйым салынады.
2.5 Қоқыстар
▶ Денсаулыққа зиянды, тұтанғыш және/немесе жарылғыш шаңды (магний-алюминий шаңы және т.б.)
жұтуға тыйым салынады. 60°C-тан ыстық материалдарды сорғылауға болмайды (мысалы, бықситын
сигареттер, ыстық күл).
▶ Жанғыш, жарылғыш, агрессивті сұйықтықтарды сорғылауға тыйым салынады (салқындатқыш және
майлағыш заттар, бензин, еріткіштер, қышқылдар (pH < 5), сілтілер (pH > 12,5) және т.б.).
▶ Көбік немесе сұйықтықтар шыққанда аспапты дереу өшіріңіз.
▶ Ең көп температурасы 60 °C ыстық материалды жинағанда қорғауыш қолғаптарды киіңіз.
▶ Минералды жыныстарды бұрғылаудан кейін қорғауыш киімді киіңіз және олардың теріге тиюін
болдырмаңыз (pH > 9, күйдіргіш зат)
▶ Сілтілік немесе қышқылдық сұйықтықтарға тимеңіз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Көзге
осындай сұйықтықтар тигенде судың көп мөлшерімен шайыңыз және дереу дәрігерден көмек
алыңыз.
▶ М шаң класына жататын аспап құрғақ, жанғыш емес шаңдар, ағаш жоңқасын және шығарылымның
шектік мәні 0,1 мг/м³-ден үлкен зиянды шаңдарды сорғылауға арналған. Белгілі бір шаң түрі
тудыратын қауіпке байланысты аспап сәйкес сүзгілермен жабдықталуы керек.
2.6 Аспапқа ұқыпты қарау және пайдалану
▶ Ешқашан аспапты қараусыз қалдырмаңыз.
▶ Қауіпті шаңды сорғылау, әсіресе шаң шығаратын электрлік құралдармен бірге қолдану кезінде сүзгі
тазалау функциясын ажыратпаңыз.
▶ Аспапты аяздан қорғау керек.
▶ Су деңгейінің шектегішін тұрақты түрде, нұсқауларға сай қылшақпен тазалаңыз және зақымдардың
бар-жоғын тексеріп отырыңыз.
Printed: 12.06.2017 | Doc-Nr: PUB / 5306575 / 000 / 02
Дөңгелек
Қазақ
89