8 Күту және техникалық қызмет көрсету
АБАЙЛАҢЫЗ
Аспапты тазалау жұмысын бастау алдында кездейсоқ қосылуды
болдырмау үшін аккумуляторды алыңыз!
8.1 Аспапты күту
Аспапты ластанулардан тазалаңыз және аспаптардың бетін коррозиядан
қорғаңыз. Бұл үшін тиісті жерлерді майға малынған матамен сүртіп шығу
керек.
8.2 Аспапты күту
АБАЙЛАҢЫЗ
Аспапты, әсіресе тұтқыштың беттерін, таза және құрғақ күйде, май
мен майлайтын майдың іздерінсіз сақтаңыз. Құрамында силикон
бар тазалағыш заттарды қолдануға тыйым салынады.
Жұмыс істегенде корпус қақпағындағы ойықтарды жаппаңыз! Желдету
ойығын құрғақ щеткамен тазалаңыз. Аспап корпусының ішіне бөгде
заттар түспеуін қадағалаңыз. Аспаптың сыртқы бетін тұрақты түрде
ылғалды шүберекпен тазалаңыз. Су бүріккішін, бу генераторын немесе
су ағынын пайдалануға тыйым салынады! Мұндай заттармен тазалағанда
аспаптың электр қауіпсіздігі бұзылады.
8.3 Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
Ылғалдың тиюін болдырмаңыз.
Аккумуляторды алғаш рет іске қоспас бұрын зарядтаңыз.
Аккумулятордың қызмет ету мерзімі барынша ұзақ болуын қамтамасыз
ету үшін аккумулятор қуаттылығы төмендеуі кезінде заряд босатуды
тоқтатыңыз.
НҰСҚАУ
Аспапты одан әрі пайдаланғанда элементтерінің зақымдалуын болдыр-
мау үшін аккумулятордың заряд босатылуын автоматты түрде үзу орын
алады.
Аккумуляторды Hilti ұсынған литий-иондық аккумуляторларға арналған
зарядтағыш құрылғыларымен зарядтаңыз.
НҰСҚАУ
–
NiCd немесе NiMH аккумуляторлары сияқты, аккумуляторлар
регенерациясы қажет емес.
–
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың қызмет ету мерзіміне әсер
етпейді.
Printed: 30.05.2017 | Doc-Nr: PUB / 5174912 / 000 / 02
Printed: 30.05.2017 | Doc-Nr: PUB / 5174912 / 000 / 01
kk
319