Télécharger Imprimer la page

Қолдануға Арналған Маңызды Ескертулер; Қондырмаларды Қолдану - Kärcher SC 2 EasyFix Mode D'emploi

Masquer les pouces Voir aussi pour SC 2 EasyFix:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 14
Суды толтырыңыз
Жұмыс кезінде немесе бу болмаған кезде бу
мөлшері азайса, суды толтыру қажет.
1. Құрылғыны өшіру, бөлімді қараңыз: Құрылғыны
өшіру.
2. Сақтандырғыш қақпақты бұрап ашыңыз.
3. Бу қазанына макс. 1 литр дистилденген немесе
құбыр суын құйыңыз.
4. Сақтандырғыш қақпақты бұрап жабыңыз
5. Желілік штекерді электр розеткасына қосыңыз.
6. Сарғылт бақылау шамы өшкенше күтіңіз.
Құрылғы пайдалануға дайын.
Құрылғыны өшіру
1. Желілік штекерді электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
2. Бу шығарылуын тоқтатпайынша, бу тетігін басып
тұрыңыз.
Сурет N
Бу генераторы қысым үстінде емес.
3. Балалардан қорғаныс ауыстырып-қосқышын (бу
мөлшерін ауыстырып-қосқышты) артқы қалыпқа
қойыңыз.
Бу тетігі құлыпталған.
Бу генераторын жуу
Қазанды əр 10 толтырғаннан кейін құрылғының бу
қазанын жуыңыз.
1. Құрылғыны өшіру, бөлімді қараңыз: Құрылғыны
өшіру.
2. Құрылғыны суытыңыз
3. Қондырмаларды ажыратыңыз.
4. Бу генераторын сумен толтырып, қатты
шайқаңыз. Бұл бу генераторының астында əкті
шөгінділердің қабатталуына əкеледі.
5. Бу генераторынан бүкіл суды ағызыңыз.
Сурет Q
Құрылғыны сақтауға булау
1. Ұзартқыш түтіктерін құрамдас бөліктердің үлкен
тұтқышына салыңыз.
2. Қолмен жұмыс істейтін қондырма мен нүктелі
тозаңдату қондырмасының əрбірін 1-ұзартқыш
түтікке кигізіңіз.
3. Үлкен дөңгелек шөткені нүктелі тозаңдату
қондырмасына бекітіңіз.
4. Кішкентай дөңгелек шөткесі мен бүріккіштерін
құрамдас бөліктердің ортаңғы тұтқышына
кигізіңіз.
5. Еден қондырмасын тұраққа қою тұтқышына
салыңыз.
Сурет O
6. Бу шлангісін ұзартқыш түтіктерді айналдыра
орап, бу пистолетін еден қондырмасына
салыңыз.
Сурет P
7. Желі кабелін ұзартқыш түтіктерді айналдыра
ораңыз.
8. Қүрылғыны құрғақ жəне аяздан қорғалған орынға
сақтаңыз.
Қолдануға арналған маңызды
ескертулер
Еден бетін тазарту
Құрылғыны қолдану алдында еденнің бетін
шаңсорғышпен соруға немесе сыпыруға кеңес
беріледі. Осылайша ылғалды тазартудан бұрын
еден лас пен бөтен заттардан тазартылады.
128
Құрылғыны пайдаланбас бұрын бүркеулі жерде
матамен үйлесімділігін əрқашан тексеріңіз: Матаны
бумен өңдеп, кептіріңіз, сосын түсінің немесе
пішімінің өзгергенін тексеріңіз.
Көпқабатты немесе лакталған беттерді
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдалған беттер
Бу балауызды, жиһаз лагын, пластик жабындарды
немесе шеттерінің бояуы мен жапсырмасын ерітіп
жібере алады.
Буды желімделген шеттеріне бағыттамаңыз,
жапсырмасы қатпарлануы мүмкін.
Құралды қорғалмаған ағаш немесе паркет
едендерді тазартуға қолданбаңыз.
Құрылғыны боялған немесе пластикпен жабылған
беттерді, асүй немесе үй жиһазын, есіктерді немесе
паркетті тазалауға қолданбаңыз.
1. Осы беттерді тазарту үшін, матаны бумен қысқа
уақыт өңдеп, онымен бетін сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Əйнектің сынуы жəне беттің зақымдалуы
Бу терезе жақтауының жапсырылған бөліктерін
зақымдауы жəне сырт температурасы төмен болған
кезде терезе əйнегі бетіне күш түсуіне əкелуі,
нəтижесінде оның сынуы мүмкін.
Буды терезе жақтауының жапсырылған бөліктеріне
бағыттамаңыз.
Əйнектің бүкіл бетін бумен мұқият жеңіл өңдеу
арқылы əйнектерді сырт температурасы төмен
болған кезде қыздырыңыз.
 Терезенің бетін қондырма-щеткамен тазалап,
микроталшыққа арналған алынбалы майлықты
тазартыңыз. Суды жою үшін, айдауды
пайдаланыңыз немесе бетін құрғатып кептіріңіз.
Қондырмаларды қолдану
Бу пистолетін мына жағдайларда құрамдас
бөліктерсіз пайдалануға болады:
 Ілініп тұрған киімдегі жеңіл қыртыстарды жою
үшін: Киімді бумен 10-20 см қашықтықтан
өңдеңіз.
 Шаңды ылғалмен жою үшін: Майлықты бумен
жеңіл өңдеп, онымен жиһазды сүртіңіз.
Нүктелік шүмекпен қиын қол жететін аймақтарды,
тігістер, фитингтер, суағар, шұңғылша, əжетхана,
жалюзи немесе радиаторларды тазалауға болады.
Нүктелік шүмек ластанған жерге жақын болған
сайын, тазарту əсері жоғары болады, себебі
шүмектен шыққан кездегі температура мен бу
мөлшері ең жоғары. Қатты əк шөгінділерін бумен
тазарту алдында сəйкес келетін жуғыш құралмен
өңдеуге болады. Жуғыш құралды шамамен 5 минут
əрекет етуге қалдырып, бумен өңдеңіз.
1. Нүктелік шүмекті бу тапаншасына ысырыңыз.
Сурет H
Қазақша
Матаны жаңарту
тазарту
Əйнекті тазарту.
Бу тапаншасы
Нүктелік шүмек

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Sc 2 easyfix premiumSc 2 easyfix premium plus