Bosch AdvancedTableCut 52 Notice Originale page 199

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 29
жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға
байланысты зияндарды кемейтеді.
Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң
u
масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей
отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр
жарақаттануға алып келуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың
u
толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе
энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің
ақаулануы салдарынан электр құралының
жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда,
бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған
жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру)
қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан
шығарыңыз немесе алып – салмалы
аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы
бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.
Электр құралдарын пайдалану және күту
Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
u
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
u
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
u
немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында,
ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе
аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр
құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр
құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
u
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты
u
күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз
істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің
ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр
құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған бөлшектері бар құралды
пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр
құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға
себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде
u
сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір
кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай
бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
u
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
Bosch Power Tools
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және
u
май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар
мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді
қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Қызмет көрсету
Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
u
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
Үстелдік аралар қауіпсіздік нұсқаулары
Қорғағыштар бойынша ескертулер
Қорғағыштар жайында тұруы тиіс. Қорғағыштар
u
жұмыс тәртібінде және қатты бекітілген болуы
тиіс. Бос, зақымдалған немесе дұрыс істемеген
қорғағыштарды жөндеу немесе алмастыру керек.
Әрдайым диск қорғағышы мен тіреуіш пышақты әр
u
кесу әдісінде пайдаланыңыз. Ара дискісі
дайындаманы толығымен кесіп алатын кесу
әдістерінде қорғағыш немесе басқа қауіпсіздік
құрылғылары жарақаттану қауібін төмендетеді.
Қосудан алдын ара дискісін қорғағыш, тіреуіш
u
пышақ немесе дайындамаға тимеуіне көз
жеткізіңіз. Осы заттардың ара дискісіне бақылаусыз
тиюі зиянды шарттарға алып келуі мүмкін.
Кесу әдісі үшін ескертулер
ҚАУІП: Саусақтарыңызды ешқашан ара
u
дискісіне жақын немесе ол мен бір сызықта
орнатпаңыз. Бақылаусыздық немесе сырғу
қолыңызды ара дискісіне апарып қатаң жеке
жарақаттануға алып келуі мүмкін.
Дайындаманы ара дискісі немесе кескішке айналу
u
бағытында қарсы апарыңыз. Дайындаманы ара
дискісін айналатын бағытта апару дайындаманы,
қолды ара дискісіне тартып кетуі мүмкін.
Аралауда дайындаманы апару үшін бұрыштық
u
тіреуішті пайдаланбаңыз және бұрыштық
тіреуішпен көлденең кесу кезінде бағыттауыш
планканы ұзындық шектегіші ретінде
пайдаланбаңыз. Дайындаманы бағыттауыш
планкамен және бұрыштық тіреуішпен бір уақытта
апару ара тілеуі және қайтарым жасаудың
ықтималдығын көтереді.
Аралауда дайындаманы әрдайым бағыттауыш пен
u
ара дискісі арасында ітеріңіз. Егер бағыттауыш пен
ара дискісі аралығы 150 мм-ден кем болса, апару
таяғын пайдаланыңыз және 50 мм-ден кем
болғанда апару блогын. Жұмыс көмегі құрылғылары
қолыңызды ара дискісінен қауіпсіз қашықтықта
сақтайды.
Тек өндіруші жасаған немесе нұсқаулықтарды
u
ескеріп жасалған апару таяғын пайдаланыңыз. Осы
Қазақ | 199
1 609 92A 3LB | (08.01.2019)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières