104 | Қазақ
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқыш/өшіргішті (6)
басыңыз.
Қосу/өшіру қосқышын (6) бұғаттау үшін оны басып
тұрып реттеу түймесін (5) тағы басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (6)
жіберіңіз. Қосқыш/өшіргіш (6) бұғатталған болса оны
алдымен басып сосын жіберіңіз.
Жүріс санын басқару
Қосқышты/өшіргішті (6) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (6) жай басқанда төменірек жүріс
санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны
асады.
Талап етілетін жүріс санын материал мен жұмыс жасау
жағдайына байланысты болып они тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Ара дискісін дайындамаға орнатуда және пластмасса мен
алюминийді өңдеуде аралау жылдамдығын төмендету
ұсынылады.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды
пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара
полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам.
3 минут максималдық жүріс санында істетіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қылышты ара тұрып қалса электр құралын бірден
u
өшіріңіз.
Кеңестер
Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде
u
материал өндірушісінің нұсқаулықтары мен
ұсыныстарын орындаңыз.
1 609 92A 52K | (03.06.2019)
Ағаш, АЖТ, құрылыс материалдарын және т.б. аралау
алдында ине, бұранда және т.б. сияқты бөгде заттардың
бар-жоғын тексеріп шығыңыз және жарамды ара төсемін
пайдаланыңыз.
Электр құралын қосып өңделетін дайындамаға апарыңыз.
Тіреу тақтасын (2) дайындама бетіне қойып, материалды
бірқалыпты ретте басып немесе жылжытып аралаңыз.
Жұмыс әрекетін аяқтағаннан соң электр құралын
өшіріңіз.
Ара төсемі тұрып қалса, электр құралын бірден өшіріңіз.
Араланған аралықты сайкес аспаппен аз кеңейтіп электр
құралын шығарыңыз.
Бұралатын тіреу тақтасы (C суретін қараңыз)
Тіреу тақтасы (2) жылжымалылығына байланысты үстіңгі
беттің қажетті бұрыштық күйіне сай келеді.
Батырып аралау (E–F суреттерін қараңыз)
Батырып аралау кезінде тек ағаш, гипсокартон
u
және т.б. сияқты жұмсақ материалдарды өңдеуге
болады! Батырып аралау кезінде металл заттарды
өңдемеңіз!
Батырып аралау үшін тек қысқа ара төсемдерін
пайдаланыңыз.
Электр құралын тіреу тақтасының (2) жиегімен ара
төсемін (1) дайындамаға тигізбей дайындамаға қойыңыз
және іске қосыңыз. Жүріс басқаруы бар электр
құралдарда максималды жүріс санын таңдаңыз. Электр
құралын қатты дайындамаға басып, ара төсемін ақырын
дайындамаға кіргізіңіз.
Тіреу тақтасы (2) дайындамаға толықтай жайылғанда,
қалаулы кесік сызығымен аралаңыз.
Белгілі бір жұмыстарда ара төсемін (1) 180°-қа бұрап
(тістерін жоғары қаратып), қайта орнатуға және электр
құралын тиісінше бұрап бағыттауға болады.
Тығыз аралау (D суретін қараңыз)
Икемді биметалл ара төсемдері, мысалы, су құбырлары
және т.б. сияқты дөңес құрылыс элементтерін тікелей
қабырғада аралауға мүмкіндік береді.
Ара төсемі әрдайым өңделетін дайындама
u
диаметрінен ұзын болғанына көз жеткізіңіз. Кері
соққы қаупі бар.
Ара төсемін қабырғаға тығыз қойып, электр құралын
шетінен басып, тірек тақтаны қабырғаға тигізіп аздап
қисайтыңыз. Электр құралын қосып дайындаманы
тұрақты реттегі басымбен аралаңыз.
Суыту/майлау құралдары
Металды аралауда қызып кетуі себебінен кесік
сызығында суыту немесе майлау құралын сүру керек.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Bosch Power Tools