Тегістеу тәрелкесін таңдау
Жұмысына қарай электр құралын түрлі қаттылықты
тегістеу тәрелкелерімен жабдықтау мүмкін:
– Тегістеу тәрелкесі өте жұмсақ: жылтырату мен нәзік
тегістеуге арналған, дөңес аймақтарды да.
– Тегістеу тәрелкесі орташа қаттылықта: барлық тегістеу
жұмыстарына сәйкес, әмбебап пайдаланылады.
– Тегістеу тәрелкесі қатты: тегіс аймақтарды қатты
тегістеу қуаты үшін.
Ажарлау тәрелкесін алмастыру (B суретін
қараңыз)
Нұсқау: Зақымдалған тегістеу тәрелкесін (5) бірден
алмастырыңыз.
Тегістеу дискісін немесе жылтырату аспабын шешіңіз.
Төрт бұрандаманы (7) толық шығарып, тегістеу
тәрелкесін (5) шығарыңыз. Жаңа тегістеу тәрелкесін (5)
орнатып бұрандаларды қайта тартып қойыңыз.
Нұсқау: Тегістеу тәрелкесін орнатуда ұстағыш тістері
тегістеу тәрелкесінің тесіктеріне кіруін қамтамасыз етіңіз.
Нұсқау: Зақымдалған тегістеу тәрелкесінің ұстағышы, тек
Bosch электр құралы үшін өкілетті сервистік қызметі
арқылы алмастырылуы керек.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Өзіндік сору шаң қорабымен (C1–C4 суреттерін
қараңыз)
Шаң қорабын (3) сору құбырына (8) тірелгенше
орнатыңыз.
Шаң қорабының жайы (3) мөлдір контейнер арқылы оңай
бақыланады.
Шаң қорабын (3) босату үшін оны бұрап, төмен
тартыңыз.
Bosch Power Tools
Шаң жәшігін (3) ашудан алдын сүзгі элементінен шаңды
босату үшін оны суретте көрсетілгендей қатты тақтаға
соққылаңыз.
Шаң жәшігін (3) бекем ұстап, сүзгі элементін (9)
жоғарыға шығарып, шаң жәшігін босатыңыз. Сүзгі
элементінің (9) тілімшелерін жұмсақ қылшақпен
тазалаңыз.
Сыртқы сорғыш (D суретін қараңыз)
Сорғыш шлангын (10) сору құбырына (8) салыңыз.
Сорғыш шлангын (10) шаңсорғышқа қосыңыз. Осы
пайдалану нұсқаулығының басында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті (1) оңға "I"
күйіне аударыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (1) солға
"O" күйіне аударыңыз.
Тербелу санын алдын ала таңдау (GEX 125-1 AE)
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы (2) қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
1 – 2
төмен тербелу саны
3 – 4
орташа тербелу саны
5 – 6
жоғары тербелу саны
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Электр құралмен ұзақ жұмыс кіші ьербелу санында
істегеннен кейін салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары
тербелу санына қосу керек.
Тегістеу тәрелкесінің тежегіші
Кірістірілген тегістеу тәрелгесінің тежегіші бос жүрісте
тербелу санын төмендетіп электр құралын дайындамаға
қоюда сызат пайда болуының алды алынады.
Егер бос жүріс тербелу саны көтерілсе, тегістеу тәрелкесі
зақымдалған болып оны алмастыру керек немесе тегістеу
тәрелкесінің тежегіші тозғын. Тозған тегістеу тәрелкеснің
тежегіші өкілетті Bosch электр құралының қызмет көрсету
орталығында алмастырылуы қажет.
Қазақ | 123
1 609 92A 4AG | (04.11.2020)