OBJ_BUCH-2165-002.book Page 151 Tuesday, February 24, 2015 10:11 AM
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Электр құралын майлау
Майлау заты:
Арнайы беріліс қорабы майы (225 мл)
Өнім нөмірі 3 605 430 009
Моликот майы
Мотор майы SAE 10/SAE 20
– Бірінші 150 пайдалану сағатынан соң беріліс қорабын
жеңіл еріткішпен тазалаңыз. Еріткіш өндірушінің
пайдалану және кәдеге жарату нұсқаулықтарын
орындаңыз. Беріліс қорабын арнайы Bosch беріліс
қорабы майымен майлаңыз. Бірінші тазалаудан бастап
таалау әдісін әр 300 пайдалану сағатынан соң
қайталаңыз.
– Ажырату тіркесімінің жылжитын бөлектерін 100000
біріктірулерден соң бірнеше тамшы SAE 10/SAE 20
мотор майымен майлаңыз. Сырланатын және
айланатын бөліктерді моликот майымен майлаңыз.
Осыдан кейін тіркесім тозғанын тексеріп,
өзгермегеніне көз жеткізіңіз. Сосын тіркесімді бұрау
моментін қайта орнатыңыз.
Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
мамандар мен дайындығы бар қызметкерлер
орындасын. Сол арқылы электр құралының
қауіпсіздігін сақтайсыз.
Өкілетті Bosch сервистік орталығы бұл жұмыстарды
жылдам және сенімді ретте орындайды.
Майлау және тазалау құралдарын қоршаған ортаны
қорғайтын ретте кәдеге жарату қажет. Заңдық
нұсқаулықтарды орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.
Robert Bosch GmbH осы өнімнің елдегі заң талаптары
бойынша келісім-шартқа сай ретте жеткізуді өз міндетіне
алады. Өнімге қатысты наразылықтармен төмендегі жайға
хабарласыңыз:
Bosch Power Tools
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош"
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға
қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы
аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз
тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу)
орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды
сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктер
маманына хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана
жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және
аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз.
Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату
Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-
жарақтарды және орау материалдарын
экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға
тапсыру керек.
Электр құралдарды және аккумуляторларды/бата-
реяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Еуропа 2012/19/EU ережесі бойынша
жарамсыз электр құралдары және Еуропа
2006/66/EC ережесі бойынша
зақымдалған немесе ескі аккумулятор/
батареялар бөлек жиналып кәдеге
жаратылуы қажет.
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-иондық:
„Тасымалдау" тарауындағы, 151
бетіндегі нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.
Қaзақша | 151
1 609 92A 139 | (24.2.15)