Bosch GEX 150 TURBO Professional Notice Originale page 117

Masquer les pouces Voir aussi pour GEX 150 TURBO Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 15
OBJ_BUCH-522-005.book Page 117 Wednesday, April 30, 2014 3:07 PM
Шаңды және жоңқаларды сору
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сыртқы сорғыш
Сору шлангін (жабдық) үрлеу құбырына 12 тікелей
қосыңыз.
Ескертпе: Үрлеу құбыры 12 антистатикалық материалдан
жасалған. Антистатикалық сору шлангін (жабдық)
қосымша пайдалансаңыз, ажарлау кезінде құрылғыда
кейде пайда болатын электростатикалық зарядтанудың
алдын аласыз.
Шаңсорусыз жұмыс істегенде (мысалы, жылтыратуда)
сору құбырын 12 алып тастауға болады. Ол үшін 13
бұрандасын ішкі алты қырлы кілтпен 7 (жабдық)
шығарып, сору құбырын 12 корпустан алып қойыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Қосымша тұтқа
Қосымша тұтқа 10 оңтайлы қолдану мен оптималды күш
таралуын қамтамасыз етеді, әсіресе жоғары тегістеу
шығынында.
Қосымша тұтқаны 10 оңға немесе солға бұрап сырттың
ойығына кіргізіңіз 1.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті 11 алға
басыңыз.
Bosch Power Tools
Қосқыш/өшіргішті 11 орнату үшін қосқыш/өшіргішті 11
алды төменге тірелгенше басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 11 жіберіп
немесе ол бекітілген болса қосқыш/өшіргішті 11 қысқа
артында төмен басып сосын жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Тербелу санын таңдау
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы 14 қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
1–2
төмен тербелу саны
3–4
орташа тербелу саны
5–6
жоғары тербелу саны
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға
болады.
Электроника бос жүрістегі және жүктеме кезіндегі тербелу
санын тұрақты дерлік ұстайды және біркелкі өнімділікті
қамтамасыз етеді.
Электр құралмен ұзақ жұмыс кіші ьербелу санында
істегеннен кейін салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары
тербелу санына қосу керек.
Шешу қуатын таңдау
Екі жұмыс түрлері түрлі шешу қуаттары мен қолжетімді
болып тұр. Шешу қуатын ауыстыру үшін құлыпты ашу
түймесін 2 басып, жұмыс түрін ауыстырып-қосқышын 3
керекті жұмыс түрі белгісіне естіліп тірелгенше бұраңыз.
 Ажарлау кезінде жұмыс түрін ауыстырмаңыз!
Жарақат алу қаупі бар.
1 жұмыс түрі (мәжбүрлеме ұстау)
Бұл жұмыс түрі жоғары шешіммен болып,
бұдыр беттерді өңдеуге және ажарлап
жылтыратуға ұсынылады. Ажарлау тәрелкесін мәжбүрлеп
ұстау арқылы эксцентрлік және ротациялық әрекет бірдей
болып сақталады.
2 жұмыс түрі (бос жүріс)
Бұл жұмыс түрі сезімтал беттерді өңдеуге
және тегіс жылтыратуға арналған.
Ажарлау тәрелкесінің бос жүрісі арқылы басуға
байланысты ротациялық әрекет бірдей сақталатын
эксцентрлік жүріспен жетіледі. Басуда өзгерту арқылы
шешімді қосымша мөлшерлеу мүмкін.
Пайдалану нұсқаулары
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
Аймақтарды тегістеу
Электр құралын қосып толық ажарлау бетін өңделетін
жерге қойып күшпен қатты басып дайындама үстінен
жылжытыңыз.
Көшіру қуаты мен тегістелген бет сапасы таңдалған
тегістеу дискісі, алдын ала таңдалған тербелу саны
басқышы және басу қысымы арқылы анықталады.
Қaзақша | 117
3 609 929 C83 | (30.4.14)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières