Philips SENSOTOUCH 3D RQ1290 Mode D'emploi page 113

Masquer les pouces Voir aussi pour SENSOTOUCH 3D RQ1290:
Table des Matières

Publicité

-
Осы Philips құралы электромагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға сәйкес келеді. Егер құралдар маңызды ақпарат
буклетіндегі және ұстарамен бірге берілетін пайдалану жөніндегі ақпарат буклетіндегі ережелерге сай қолданылса,бүгінгі таңдағы
белгілі ғылыми зерттеулер бойынша, оларды қолдану қауіпсіз болып табылады.
Дисплей
Ескертпе: электр ұстараны бірінші рет қолданар алдында, дисплейдің бетіндегі қорғау пленкасын алып тастаңыз.
Төрт түрлі электр ұстараның (RQ1290, RQ1280, RQ1260 және RQ1250) төмендегі суретте көрсетілгендей үш түрлі дисплейі бар.
-
RQ1290/RQ1280 (Cурет 4)
-
RQ1260 (Cурет 5)
-
RQ1250 (Cурет 6)
зарядтау
-
Зарядтау шамамен 1 сағат алады.
RQ1290/RQ1280
-
Электр ұстара зарядталып жатқанда, минуттар жыпылықтап тұрады (Cурет 7).
-
Электр ұстара толығымен зарядталып болғанша, қырыну минуттары артып отырады.
-
Жылдам зарядтау: электр ұстарада бір рет қырынуға жететін қуат жиналғанда, дисплейде 5 минут қызыл түспен көрсетіледі.
RQ1260/RQ1250
-
Электр ұстара зарядталып жатқанда, алдымен төменгі зарядтау шамы жыпылықтайды, содан кейін екінші зарядтау шамы, осылайша
электр ұстара толық зарядталғанша, барлық шамдар бір-бірден жанады (Cурет 8).
Ескертпе: RQ1260 және RQ1250 үлгілері дисплейлерінің сыртқы көрінісі басқаша болғанымен, жұмыс істеу әдістері бірдей.
-
Жылдам зарядтау: электр ұстарада бір рет қырынуға жететін заряд жиналғанда, төменгі зарядтау шамының түсі сарғыш пен ақ түс
арасында ауысады.
Батарея толығымен зарядталды
RQ1290/RQ1280
-
Батарея толығымен зарядталғанда, минуттар тұрақты жанып тұрады. Шамамен 30 минуттан кейін, дисплей автоматты түрде қайта
өшеді (Cурет 9).
RQ1260/RQ1250
-
Батарея толығымен зарядталғанда, барлық зарядтау шамдары тұрақты жанып тұрады. Шамамен 30 минуттан кейін, дисплей
автоматты түрде қайта өшеді. (Cурет 10)
Ескертпе: RQ1260 және RQ1250 үлгілері дисплейлерінің сыртқы көрінісі басқаша болғанымен, жұмыс істеу әдістері бірдей.
Батарея заряды төмен
RQ1290/RQ1280
-
Батарея толығымен дерлік таусылғанда (батареяда 5 минут немесе одан да аз қырыну уақыты қалғанда), минуттар жыпылықтай
бастайды (Cурет 11).
-
Электр ұстараны өшіргенде, минуттар бірнеше секунд бойы жыпылықтап тұрады. Қырыну минуттары аяқталғанда, сигнал беріледі.
RQ1260/RQ1250
-
Батарея заряды толығымен дерлік таусылғанда (батареяда тек 5 минут немесе одан да аз қырыну уақыты қалғанда), төменгі
зарядтау шамы сарғыш болып жыпылықтайды. (Cурет 12)
-
Электр ұстараны өшіргенде, төменгі зарядтау шамы бірнеше секунд сарғыш түспен жыпылықтап тұрады.
Ескертпе: RQ1260 және RQ1250 үлгілері дисплейлерінің сыртқы көрінісі басқаша болғанымен, жұмыс істеу әдістері бірдей.
Батареяда қалған заряд деңгейі
RQ1290/RQ1280
-
Батареяда қалған заряд деңгейі дисплейде көрсетіліп тұрған қырыну уақытымен көрсетіледі. (Cурет 7)
RQ1260/RQ1250
-
Батареяда қалған заряд деңгейі жыпылықтап тұрған зарядтау шамдарының санымен көрсетіледі (Cурет 8).
Ескертпе: RQ1260 және RQ1250 үлгілері дисплейлерінің сыртқы көрінісі басқаша болғанымен, жұмыс істеу әдістері бірдей.
Электр ұстараны тазалау
Жақсылап қырыну үшін, ұстараны әр қолданған сайын тазалап отыру керек.
-
Ағын су белгісі жыпылықтап, электр ұстараны тазалау керектігін ескертеді (Cурет 13).
Ескертпе: RQ1290, RQ1280, RQ1260 және RQ1250 үлгілері дисплейлерінің сыртқы көрінісі басқаша болғанымен, жұмыс істеу әдістері
бірдей.
Қыру бөлігін алмастыру
Жақсылап қырыну үшін, қыру бөлігін жыл сайын ауыстырып тұрған жөн.
-
Қыру бөлігін алмастыру керектігін еске салу үшін, қыру бөлігінің белгісі (барлық түрлерде) жыпылықтайды, ал электр ұстараны
өшіргенде, сигнал беріледі (тек RQ1290/RQ1280 үлгілерінде болады). Бұл әрбір 7-қырынудың аяғында қайталанып
отырады. (Cурет 14)
Ескертпе: RQ1290, RQ1280, RQ1260 және RQ1250 үлгілері дисплейлерінің сыртқы көрінісі басқаша болғанымен, жұмыс істеу әдістері
бірдей.
сапар құлпы (тек RQ1280/RQ1260/RQ1250 үлгілерінде болады)
Жолға шықпас бұрын, электр ұстараны құлыптап қоюға болады. Сапар құлпы электр ұстараның байқаусызда қосылып кетуін
болдырмайды.
ҚазаҚша
113

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières