Лазерлік Қашықтық Өлшегіштің Қауіпсіздігі; Сипаттама, Техникалық Сипаттар Және Стандартты Жабдық; Сипаттама; Техникалық Сипаттар - RIDGID micro LM-400 Mode D'emploi

Table des Matières

Publicité

micro LM-400 лазерлік қашықтық өлшегіші
Бұл нұсқаулықты пайдаланушының пайдалануы үшін құралмен бірге ұстаңыз.
Лазерлік қашықтық өлшегіштің қауіпсіздігі
• Лазер сәулесіне қарамаңыз. Лазер сәулесіне қарау көздерге қауіпті болуы
мүмкін. Лазер сәулесіне оптикалық құрылғылармен (мысалы, дүрбі немесе
телескоп) қарамаңыз.
• Лазер сәулесін басқа адамдарға қарай бағыттамаңыз. Лазерді көз
деңгейінен жоғары не төмен бағыттаңыз. Лазер сәулелері көздерге қауіпті
болуы мүмкін.
• micro LM-400 құрылғысын басқару құрылғысы ретінде пайдаланбаңыз. Тек
өлшеу құрылғысы ретінде пайдаланыңыз. Бұл төмен батарея қуаты, ақаулық
немесе өлшемнің дұрыс болмауы секілді жағдайда зақым не жарақат қаупін
азайтады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
пайдалану, реттеулер немесе рәсімдерді орындау қауіпті сәулелену әсеріне
әкелуі мүмкін.
Егер осы RIDGID® өніміне қатысты қандай да сұрағыңыз болса:
• Жергілікті RIDGID дистрибьюторына хабарласыңыз.
• Жергілікті RIDGID байланыс орнын табу үшін RIDGID.com торабына кіріңіз.
• Ridge Tool техникалық қызмет бөліміне rtctechservices@emerson.com
мекенжайы арқылы хабарласыңыз немесе АҚШ және Канада аумағында
(800) 519-3456 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Сипаттама, техникалық сипаттар және стандартты
жабдық
Сипаттама
RIDGID® micro LM-400 лазерлік қашықтық өлшегіші түймені басу арқылы
қарапайым, жылдам және нақты қашықтық көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. II
класының лазерін қосу үшін өлшеу түймесін басасыз және оны өлшенетін бетке
бағыттап, өлшеу түймесін қайта басасыз.
micro LM-400 құрылғысы анық оңай оқылатын артқы жарығы бар СКД
дисплейінде жылдам өлшеуді қамтамасыз етеді. Құрылғы қашықтық, аудан,
көлем, бұрыш және белгілеу өлшемдерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ құрылғы
Bluetooth® сымсыз технологиясымен және автоматты таймер функцияларымен
қосылады.
Техникалық сипаттар
Ауқымы ............................................. 2 дюйм-328 фут* (0,05-100 м*)
Өлшеу дәлдігі
Ең көп 10 м (2σ) ................................ Әдетте ± 0.06 дюйм** (±1,5 мм**)
Өлшем бірліктері .............................. м, дюйм, фут
Бұрышты өлшеу ауқымы ................. ± 65°
Бұрыш дәлдігі
2σ ....................................................... ± 0,5°
Лазер класы ...................................... II класы
Лазер түрі .......................................... 635 нм, <1 мВт
Bluetooth ауқымы............................. 33 фут (10 м)
Қорғау санаты ................................... IP 54 шаңнан қорғалған, шашыраудан қорғалған
Жад .................................................... 20 өлшем
999-999-480.09_REV C
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ!
Осында көрсетілгеннен басқа басқару құралдарын
445

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières