Сақтық шаралары
АБАЙЛАҢЫЗ
Тіректі жинауға немесе өзгертуге болмайды.
• Мұның нəтижесінде құрылғының құлап кетуі жəне зақымдануы ықтимал, бұл дене жарақатына əкелуі мүмкін.
Бекітетін бұранданы жұтып қоюдың алдын алу үшін оларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Бекітетін бұрандаларды жұтып қойған жағдайда дереу дəрігерге жолығыңыз.
Дисплейді тірек арқылы тігінен орнатпаңыз.
• Мұның нəтижесінде құрылғының құлап кетуі жəне зақымдануы ықтимал, бұл дене жарақатына əкелуі мүмкін.
Тіректі бекіту үшін əрқашан берілген ұяларды пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ
Каталогта көрсетілгеннен басқа дисплейлерді пайдаланбаңыз.
• Мұның нəтижесінде құрылғының құлап кетуі жəне зақымдануы ықтимал, бұл дене жарақатына əкелуі мүмкін.
Тірекке немесе бекітілген құрылғының үстіне шығуға немесе асылуға болмайды.
• Мұның нəтижесінде құрылғының құлап кетуі жəне зақымдануы ықтимал, бұл дене жарақатына əкелуі мүмкін.
(Əсіресе кішкентай балалардың бұл сақтандыруды ескеруін қадағалаңыз.)
Тірек майысқан немесе қалпы бұзылған болса, оны қандай да бір мақсатта пайдалануға болмайды.
• Мұның нəтижесінде құрылғының құлап кетуі жəне зақымдануы ықтимал, бұл дене жарақатына əкелуі мүмкін.
Дисплейдің желдеткіш тесіктерін бітемеңіз. Тіректі пайдалану кезінде дисплейдің төменгі беті мен
еден бетінің арасындағы кеңістікті жауып тастамаңыз.
• Олай етпеген жағдайда ішінде қызу пайда болып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Жоғары ылғалды орындарда пайдаланбаңыз.
• Ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін тірек қисайып немесе қалпы бұзыksп, мықтылығы азаюы мүмкін. Мұның
нəтижесінде құрылғы құлап кетуі немесе зақымдануы мүмкін, бұл, сондай-ақ, дене жарақатына əкелуі
ықтимал.
Дисплейді орнату барысында оның үстінен, жанынан 10 см, ал артқы бетінен 5 см ашық кеңістік
болуына көз жеткізіңіз.
• Қалдырмаған жағдайда өрт шығуы мүмкін.
Дисплейді тірекке орнату жəне алып тастау үшін екі адам қажет.
• Дисплей құлап, адамды жарақаттауы мүмкін.
Орнатқан кезде барлық бұрандаларының мықтап тартылғанына көз жеткізіңіз.
• Егер жинақтау дұрыс жүргізілмесе, тірек дисплейдің салмағын көтере алмайды. Мұның нəтижесінде дисплей
құлап кетуі немесе зақымдануы мүмкін, бұл, сондай-ақ, дене жарақатына əкелуі ықтимал.
Орнату үшін арнаулы құрамдас бөлшектерді қолданыңыз.
• Əйтпесе, дисплей қабырғадан құлап түсіп, жарақаттауы мүмкін.
Мықты, тегіс жерге орнатыңыз.
• Мұны орындамау нəтижесінде құрылғы құлап кетуі немесе зақымдануы мүмкін, бұл, сондай-ақ, дене
жарақатына əкелуі ықтимал.
Құрылғыны тікелей күн көзінен жəне қыздырғыштардан аулақ ұстаңыз.
• Мұны орындамау қисаюға, қалпының бұзылуына немесе материалдардың бұзылуына жəне беріктіктің
жоғалуына əкелуі мүмкін, мұның нəтижесінде құрылғы құлап немесе сынып, дене жарақатын келтіруі
ықтимал.
Дисплейді бекіту үшін төңкертпейтін/құлатпайтын керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
• Жер сілкінісі болған жағдайда немесе балалар дисплей орнатылған тірекке шығатын болса, құрылғы
төңкеріліп немесе құлап кетіп, дене жарақатына əкелуі мүмкін.
Тіректі орнатқан соң, дисплейдің оң жақ/сол жақ/жоғарғы шетіне шамадан тыс күш салмаңыз немесе
механикалық соққы тигізбеңіз.
• Мұның нəтижесінде құрылғының құлап кетуі жəне зақымдануы ықтимал, бұл дене жарақатына əкелуі мүмкін.
Қолдану нұсқаулары
1) Дисплейдің орнын таңдаған кезде абай болыңыз, себебі күн сəулесі тікелей түсетін жерге немесе
жылытқышқа жақын қойылса, оның түсі оңып кетуі немесе пішіні бұзылуы мүмкін.
2) Тіректі жұмсақ, құрғақ шүберекпен (мысалы, мақта немесе фланель) тазалаңыз. Егер кронштейн өте лас
болса, суда ерітілген бейтарап тазартқыш құралмен ласын тазартып, құрғақ шүберекпен құрғатыңыз.
Бензин, еріткіш немесе жиһаз уəкісін пайдаланбаңыз, өйткені олар кронштейннің бетіне зиян келтіруі
мүмкін.
(Дисплейді тазалау туралы ақпаратты дисплейдің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз. Егер химиялық
жолмен өңделген мата пайдаланылса, матамен бірге берілген нұсқауларды орындаңыз.)
3) Желім бауды немесе жапсырманы бұйымға бекітпеңіз. Бұл тірек бетін ластауы мүмкін. Резина, винил
өнімдерімен немесе басқа ұқсас нəрселермен ұзақ уақыт бойы жанасып тұруына жол бермеңіз. (Мұндай
əрекеттер зақымдарға əкеледі.)
4) Дисплейге аса күш салмаңыз немесе соққыға ұшыратпаңыз.
46