Hotpoint Ariston KIC 644 C Mode D'emploi page 56

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 16
Күтім және техникалық
қызмет көрсету
Құрылғыны өшіру
KZ
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын
құрылғыны токтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
!
Қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш
заттарды (мысалы, барбекю жасайтын құралдар
мен пештерді тазалауға арналған спрейлер), дақ
кетіргіштерді, тат кетіргіштерді, ұнтақ тазартқыш
заттарды немесе қырғыш беттері бар губкаларды
пайдаланбаңыз: олар құрылғы беттерін біржола
сызып тастауы мүмкін.
!
Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе
шаңсорғышпен тазаламаңыз.
• Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш
ас үй сүлгісімен құрғату жеткілікті.
• Плита өте кір болса, оны арнайы шыны
керамиканы тазалау затымен ысқылап, одан кейін
жақсылап шайыңыз да, кептіріңіз.
• Сонда да кетпей қойған кірден тазалау үшін
қолайлы қырғышты пайдаланыңыз. Төгілген
тамақ қатып қалмауы үшін, құрылғының суығанын
күтпей-ақ, оны дереу сүртіп алыңыз. Шыны
керамикалық беттерге арналған, тот баспайтын
болат сымдарынан жасалған губканы сабын суға
малып жуу арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізе
аласыз.
• Егер плита үстінде пластикалық немесе
құрамында қант бар заттар байқаусыз ерітілсе,
плита беті әлі ыстық кезде оларды қырғышпен
дереу алып тастаңыз.
• Тазалағаннан кейін, плитаны арнайы қорғағыш
күтім өнімімен өңдеуге болады: бұл өнім
қалдыратын көзге көрінбейтін үлдір плитаның
бетін пісіру кезінде таматын тамшылардан
қорғайды. Бұл күтім процедурасын құрылғы жылы
(ыстық емес) немесе суық кезде орындау керек.
• Құрылғыны таза сумен шайып, жақсылап кептіруді
ұмытпаңыз: қалдықтар кейін пісірген кезде
жабысып, қатып қалуы мүмкін.
56
Тот баспайтын жақтау (тек сыртқы жақтауы бар
модельдерде)
Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт
тұрған қаттылығы жоғары су немесе құрамында
фосфор бар тазалағыш заттар дақ түсіруі мүмкін.
Тазалағаннан кейін, бетті жақсылап шайып,
кептірген жөн. Бетке су төгілсе, оны тез әрі
жақсылап кептіріңіз.
!
Кейбір плиталарда тот баспайтын болатқа ұқсас
алюминийден жасалған жақтау болады. Алюминийге
қолдануға келмейтін ешбір тазалағыш немесе май
жоятын өнімдерді пайдаланбаңыз.
Плитаны бөлшектеу
Плитаны бөлшектеу қажет болса:
1. Әр жағында туралау серіппелерін ұстап тұрған
бұрандаларды босатыңыз.
2. Әр бұрышында бекіту ілмектерін ұстап тұрған
бұрандаларды босатыңыз.
3. Плитаны орнату қуысынан шығарып алыңыз.
!
Құрылғыны өз басыңызбен жөндеуге тырыспаңыз.
Құрылғы бұзылса, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Үлгілердің техникалық сипаттамасы
Индукциялық жүйе тағам пісірудің ең жылдам жолы
болып табылады. Пісіру аймағы қызатын дағдылы
конфоркаларға қарағанда индукциялық жүйе
жылуды тікелей түбі ферромагнитті материалдан
жасалған таба ішінде түзеді.
Шартты белгілер:
I = бір индукциялық пісіру аймағы
B = күшейткіш: пісіру аймағының қуат деңгейін 3000
Вт-қа дейін арттыруға болады
* = тиісті артқы пісіру аймағы үшін күшейткіш
қосылған кезде максималды қуат деңгейі
шектеледі (Іске қосу және пайдалану бөлімін
қараңыз).
Плиталар
KIC633C
Пісіру аумағы
Мощность (Вт)
Артқы сол жақ
I 1400 – B 2000* – 600 если Передняя Левая*
Артқы оң жақ
Алдыңғы сол жақ
I 2200 – B 3000* - 1600 если Задняя Левая*
Алдыңғы оң жақ
3000 - B 4000
Толық қуат
7600
02/2014 - 195118650.00
XEROX FABRIANO
KIC644C
Мощность (Вт)
I 1400 – B 2000* – 600 если Передняя Левая*
I 2200 – B 3000* - 1600 если Передняя Правая*
I 2200 – B 3000* - 1600 если Задняя Левая*
I 1400 – B 2000* – 600 если Задняя Правая*
7200

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Kic 633 c

Table des Matières