Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GKF 550 Professional Notice D'utilisation D'origine

Masquer les pouces Voir aussi pour GKF 550 Professional:
Table des Matières

Publicité

106 | Қазақ
Фрезаны орнату (C1 - C2 суреттерін қараңыз)
Фрезаның пайдалану мақсатына байланысты түрлі
модельдер мен сапада қол жетімді.
Фреза жылдам кесілетін болаттан дайындалған (HSS)
жұмсақ ағаш пен пластик сияқты жұмсақ метариалдарды
өңдеуге жарамды.
Қатты құймалы кескішжиекті фрезалар (HM) қатты
ағаш және алюминий сияқты қатты және абразивті
материалдарға жақсы жарамды.
Bosch керек-жарақтарының кең бағдарламасына жататын
айрықша фрезаларды дилеріңізден алуға болады.
Тек аса таза фрезаларды пайдаланыңыз.
Фреза қорабын орнату (A суретін қараңыз)
Фрезерлеу үшін фреза қорабын (2) жетек блогына (1)
қайта орнату керек.
Қатпарлы бұрандаманы (11) фреза қорабында (2)
ашыңыз.
Жетек блогын (1) фреза қорабына (2) жылжытыңыз.
Қатпарлы бұранданы (11) фреза қорабында (2)
жабыңыз.
Әрқашан орнатудан кейін жетек блогының
u
фрезерлеу қорабында берік тұрғанын тексеріңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Кесу тереңдігін орнату
Кесу тереңдігін орнатуды тек электр құрылғы
u
өшірулі кезде орындау керек.
Фрезерлеу тереңдігін жобалы реттеуге келесідей өтуге
болады:
– Фрезасы орнатылған электр құралды өңделетін
бөлшекке қойыңыз.
– Қатпарлы бұрандаманы (11) фреза қорабында (2)
ашыңыз.
1 609 92A 47Z | (05.04.2018)
– Жетек блогын (1) керекті тереңдікке фрезерлеу
тереңдігі шкаласы (13) негізінде жылжытыңыз.
– Қатпарлы бұранданы (11) фреза қорабында (2)
жабыңыз.
– Фрезерлеу тереңдігінің реттелгенін практикалық
әрекетпен тексеріп, керек болса, дұрыстаңыз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті (12) I
белгісіне реттеңіз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (12) 0
белгісіне реттеңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Фрезаларды соқтығысудан және соққыдан
u
қорғаңыз.
Фрезерлеу бағыты мен фрезерлеу әдісі (D сертін
қараңыз)
(6) фрезамен өңдеу процесін әрқашан фрезаның
u
айналу бағытына қарсы (кері қозғалыс) орындау
керек. Фрезамен өңдеу кезінде (синхронды қозғалыс)
қозғалыс бағытында машинаны қолмен жүргізуге
болады.
Электр құралын тек орнатылған фрезерлеу
u
қорабымен (2) пайдаланыңыз. Электр құралының
бақылауын жоғалту жарақаттануларға алып келуі
мүмкін.
Нұсқау: Фреза (6) негізгі тақтадан (9) әрдайым шығып
тұруына көз жеткізіңіз. Шаблон немесе дайындаманы
қазымдамаңыз.
Керекті фрезерлеу тереңдігін реттеңіз.
Электр құралын қосып өңделетін жайға апарыңыз.
Фрезамен өңдеу процесін біркелкі алға жылжу көмегімен
орындаңыз.
Фрезерлеуден соң электр құралын өшіріңіз.
Фрезер толық тоқтағанша электр құралын алып
u
қоймаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы
аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Фрезалар көшіру гильзасымен
(E1 - E3 суретін қараңыз)
Көшіру гильзасының (18) көмегімен контурларды
үлгілер мен шаблондардан бөлшекке түсіре аласыз.
Шаблон немесе үлгі қалыңдығына сәйкес көшіру
гильзасын таңдаңыз. Көшіру гильзасының шығып
тұратын биіктігінен шаблон қалыңдығы 8 мм-ден кем
болмауы керек (E1 суретін қараңыз).
Фреза диаметрін көшіру гильзасының ішкі
u
диаметрінен кіші болатындай етіп таңдаңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières