Төрт цилиндрлік бұрандаманы сырғанақ кронштейн (8)
төменгі жағынан бұрап шығарып, сырғанақ кронштейнді
шешіңіз.
Көшіру гильзасын (18) сырғу плитасына салыңыз
(E2 суретін қараңыз).
Сырғу плитасын негізгі тақтада (9) бос бұрап бекітіңіз.
Сырғу плитасы бос жүруі керек.
Фреза ортасынан көшіру гильзасының шетіне дейін
бірдей қашықтық болуы үшін көшіру гильзасы мен сырғу
плитасы, керек-жарақтар өзара ортасына реттелуі керек.
– Сырғу плитасын фреза мен көшіру гильзасы сырғу
плитасы тесігінің ортасына дәлденетін етіп бағыттаңыз
(E3 суретін қараңыз).
– Сырғу плитасын осы күйде ұстап бекіткіш
бұрандаларды тартып бекітіңіз.
Көшіру гильзасымен (18) фрезерлеу келесідей
жүргізіледі:
– Электр құралын көшіру гильзасымен (18) шаблонға
қойыңыз.
– Шығыңқы көшіру гильзасы бар көшіру құралын
жанама қысқышымен шаблон бойымен жүргізіңіз.
Шеттік немесе пішіндік фрезалар (F суретін қараңыз)
Параллель тірексіз жиектерді және профидьдерді
фрезерлеу кезінде фреза бағыттағыш шетмойынмен
немесе шарикті подшипникпен жабдықталуы керек.
Қосылған электр аспапты бағыттағыш шетмойын немесе
шарикті подшипник дайындаманың өңделетін жиегіне
тірелетіндей етіп қойыңыз.
Электр құралын дайындама шеті жағалай басқарыңыз.
Сонымен қатар, тік бұрышты қойылуын қадағалаңыз. Тым
қатты күш түсірген жағдайда дайындама жиегі
зақымдануы мүмкін.
Фрезалар параллельді тіреуішпен (G суретін
қараңыз)
Шетке параллель кесу үшін параллельді тіреуішті (19)
орнатуға болады.
Параллельді тіреуішті (19) фреза ыорабында (2)
сомынмен (4) бекітіңіз.
Қатпарлы бұрандамен параллельді тіреуіште (20) керекті
тіреу тереңдігін реттеңіз.
Біркелкі беретін және жанама қысымға ие қосылған
электр құралды бөлшек жиегінің параллель тірекке
жүргізіңіз.
Фрезалар бағыттауышпен (H суретін қараңыз)
Жылжыту көмекшісі (21) бағыттауыш цапфа немесе
шарлы мойынтірексіз фрезалармен шеттерді
фрезерлеуге арналған.
Бағыттауышты фрезерлеу қорабында (2) сомынмен (4)
бекітіңіз.
Электр құралын бірдей ретте жылжытып дайындама шеті
жағалай басқарыңыз.
Жан аралық: Материал алудың көлемін өзгерту үшін
дайындама мен сырғанақ дөңгелек(24) арасындағы жан
аралықты жылжыту көмекшісінде (21) реттеңіз.
Bosch Power Tools
Қатпарлы бұранданы (22) босатып, керекті жан
аралықты қатпарлы бұранданы (23) бұрап орнатып,
қатпарлы бұранданы (22) қайта бұрап бекітіңіз.
Биіктігі: Пайдаланған фрезаға және өңделетін
дайындамаға байланысты жылжыту көмекшісінің
вертикалды бағытталуын орнатыңыз.
Сомынды (4) бағыттауышта босатып, бағыттауышты
керекті күйге жылжытып бұранданы тартып қойыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз:
www.bosch-pt.com
Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Қазақ | 107
1 609 92A 47Z | (05.04.2018)