OBJ_BUCH-3210-001.book Page 115 Thursday, August 10, 2017 2:56 PM
Қaзақша
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжат-
тарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық,
сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің
корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндіру мерзімі нұсқаулықтың соңғы бетінде көрсетілген.
Импорттаушыға қатысты байланыс мәліметі қаптамада
берілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен
бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған)
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз
(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен
істен шығу себептерінің тізімі
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді
пайдаланбаңыз
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
– тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса,
пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта (далада)
пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
– қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
– тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Bosch Power Tools
Қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік
нұсқаулықтары
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
ЕСКЕРТУ
және ескертпелерді оқыңыз. Техни-
калық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді
сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары
мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған "Электр
құрал" атауының желіден қуат алатын электр құралдарына
(желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын
электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жақсы жарықталған жағ-
дайда ұстаңыз. Тәртіп немесе жарық болмаған жұмыс
аймақтары жазатайым оқиғаларға алып келуі мүмкін.
Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған
жарылыс қауіпі бар қоршауда электр құралды
пайдаланбаңыз. Электр құралдары ұшқын шығарып,
шаң немесе буларды жандыруы мүмкін.
Электр құралдарын пайдалану кезінде балалар
және басқа адамдарды ұзақ жерге шеттетіңіз.
Ауытқу кезінде құрал бақылауын жоғалтуыңыз мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Электр құрал штепселінің айыры розеткаға сыюы
қажет. Айырды ешқандай өзгерту мүмкін емес.
Жерге қосулы электр құралдарменен ешқандай
адаптерлік айырды пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген
айыр және жарамды розеткаларды пайдалану электр
тоқ соғу қауіпін төмендетеді.
Құбыр, жылытатын жабдық, плита және суытқыш
сияқты жерге қосулы құралдар сыртына тимеңіз.
Егер денеңіз жерге қосулы болса, электр тоғының соғу
қаупі артады.
Электр құралдарын ылғалдан, сыздан сақтаңыз.
Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының
соғу қаупін арттырады.
Элекр құралды алып жүру, асып қою немесе айырын
розеткадан шығару үшін кабельді пайдаланбаңыз.
Кабельді ыстықтан, майдан, өткір шеттерден
немесе құралдың жылжыма бөлектерінен алыс
жерде ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен
кабель электр тоғының соғу қаупін арттырады.
Электр құралымен ашық жерде жұмыс істесеңіз,
тек сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты
пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға арналған
ұзартқышты пайдалану электр тоғының соғу қаупін
төмендетеді.
Электр құралын ылғалды қоршауда пайдалану қажет
болса, автоматты сақтандырғыш ажыратқышын
пайдаланыңыз. Автоматты сақтандырғыш
ажыратқышты пайдалану тоқ соғу қаупін төмендетеді.
Қaзақша | 115
1 609 92A 3WR | (10.8.17)