Bosch GWS Professional 20-230 H Notice Originale page 67

Masquer les pouces Voir aussi pour GWS Professional 20-230 H:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 17
OBJ_BUCH-827-008.book Page 68 Monday, October 24, 2016 2:46 PM
68 | Қaзақша
Жинау
Қорғаныш жабдықтарын орнату
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ескертпе: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса
немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары
бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу
керек, мекенжайларды „Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері" тарауынан қараңыз.
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
(GWS 24-230 JVX)
Қысқыш тұтқышты 30 ашыңыз. Қорғайтын қаптаманы
кодтау жұдырықшасымен 29 шпиндель мойнындағы
кодтау ойығына қорғайтын қаптаманың қамыты электр
құралының фланеціне отырғанша салыңыз да, қорғайтын
қаптаманы керекті күйге бұраңыз. Цангалық қысқышты 30
жабыңыз.
 Қорғағыш қаптаманы оператордың жағына қарай
ұшқындардың ұшуы болмайтындай орнатыңыз.
Қорғайтын қаптама құлпының тартылу күшін реттеу
бұрандасын 31 босату немесе тарту арқылы өзгертуге
болады. Қорғайтын қаптаманың тұрақты тұруына көз
жеткізіп оны жүйелік түрде тексеріңіз.
Нұсқау: Қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары
тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды
қамтамасыз етеді.
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама (қысқыш
бұранда) (GWS 20-230 H/GWS 22-180 H/
GWS 22-230 H/JH/GWS 24-180 H/GWS 24-230 H/JH/
GWS 26-180 H/GWS 26-230 B/H)
Қорғайтын қаптаманы 21 шпиндель мойыншасына
орнатыңыз. Қорғайтын қаптама күйін жұмыс басқышының
талаптарына сай етіп қорғайтын қаптаманы 21 бекіту
бұрандасымен 22 бұғаттаңыз.
 Қорғағыш қаптаманы оператордың жағына қарай
ұшқындардың ұшуы болмайтындай орнатыңыз.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
 Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы 23/32
пайдаланыңыз.
 Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама 23/32 тегістеуге
арналған қорғағыш қаптамадай орнатылады.
Бағыттауыштар көмегімен кесуге арналған қорғағыш
қаптама
Бағыттауыштары 18 бар қорғағыш қаптама тегістеуге
арналған қорғағыш қаптама ретінде де орнатылады.
1 609 92A 2C9 | (24.10.16)
Қосымша тұтқа
 Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа 3 менен
пайдаланыңыз.
Қосымша тұтқаны 3 редукторлық бастың оң жағында
немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.
Дірілдеуді төмендету (GWS 24-230 JVX)
Кіріктірме дірілдеуді төмендету дірілдеулерді кемітеді.
 Демпфер зақымдалған жағдайда электр құралын
пайдаланушы болмаңыз.
Қол қорғағышы
 Резеңке тегістеу тәрелкесімен 14 немесе тостаған
тәрізді қылшақпен/дискілік щеткамен/жапырақ
тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын 12 орнатыңыз.
Қол қорғағышын 12 қосымша тұтқа 3 көмегімен бекітіңіз.
Ажарлауыш құралдарын орнату
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін 4 және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін шпиндельді
бекіту түймесін 1 басып, шпиндельді бекітіңіз.
 Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын
зақымдау мүмкін.
Тез қысқыш гайка
Жылдам тарту сомынымен 9 тегістеу аспаптары қосымша
аспапсыз орнатылады.
 Тез қысқыш гайканы 9 тек тегістеу және кесу
шеңберлері үшін пайдалануға рұқсат етіледі.
Тек дұрыс, зақымдалмаған тез қысқыш гайканы 9
пайдаланыңыз.
Бұрап бекіту кезінде жазбасы бар тез қысқыш гайка 9
беті тегістеу шеңберіне қарап тұруын қадағалаңыз;
көрсеткі индекстік белгіге 33 нұсқауы керек.
Тегістеу шпинделін 1 бекіту
үшін шпиндельді бекіту
33
түймесін басыңыз. Тез
қысқыш гайканы бекемдеу
үшін тегістеу шеңберін күш
салып сағат тілімен
бұрыңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières