Bosch AKE 30-19 S Notice Originale page 222

Masquer les pouces Voir aussi pour AKE 30-19 S:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 28
OBJ_BUCH-1238-002.book Page 222 Wednesday, December 7, 2016 2:54 PM
222 | Қазақша
– Егер ара шынжыры 11 тым қатты тартылған болса,
шынжырды тарту шеңберін 14 сағат тіліне қарсы
бұраңыз.
Шинаны қысу
– Ара шынжыры 11 тартылып шинаны 12 тарту тұтқасын
15 сағат тілімен бұрап қысыңыз. Мұнда ешқандай
аспапты пайдаланбаңыз.
15
Ара шынжырын майлау (A–B
суретін қараңыз)
Ескертпе: Сатылғанда немесе жеткізіп берілгенде
шынжырлы ара электрбұйымы арнайы ара шынжыр
майымен толтырылмаған. Шынжырлы араны қолдану
алдынан оның маймен толтырылған болуы маңызды.
Шынжырлы араны ара шынжыры үшін арналған арнайы
майсыз қолдануы немесе бар болған май көлемі керекті
деңгейден төмен болғаны шынжырлы араның бұзылуына
апарады.
Ара шынжырының қызмет өмірі мен кесу өнімділігі оның
майлану үйлесімділігіне байланысты. Сондықтан ара
шынжыры май бүріккіші 19 арқылы іске қосып қолданған
уақытта автоматты түрде ара шынжыры үшін арналған
арнайы майымен майланып отырады.
Май резервуарын толтыру үшін төмендегідей әрекет
етіңіз:
– Шынжырлы араны май резервуары қақпағымен 4
лайықты төсем үстінен жоғарыға қаратып қойыңыз.
– Май резервуары қақпағының 4 айналасын шүберекпен
тазалап алып, қақпағын бұрап шығарып алыңыз.
– Толтыру үшін сүзгіні алып қоймаңыз.
– Ара шынжыры үшін арнайы майды май резервуарына
май дәрежесін көрсететін белгісінен аспайтын қылып
толтырып құйыңыз (мүмкін болса биологиялық түрде
ажырала алынатын майды қолдану жақсырақ болар
еді).
– Май резервуарына кір не лас түспеуіне назар
аударыңыз. Май резервуарының қақпағын 4 қайта
бұрып жабыңыз.
Ескертпе: Маңызды: Май резервуары мен бұйым ортасы
арасындағы ауа алмасуын қамтамасыз ете алу үшін сүзгі
F 016 L81 142 | (7.12.16)
мен май резервуарының жапқыш бөлшегі арасында
шағын теңдестіру каналдары бар болып, осы каналдар
арқылы майдың біраз көлемі ағып шығуы мүмкін.
11
Шынжырлы араны әрқашан көлденеңінен және оның май
резервуарын жоғарыға қарай қарап тұратындай
қойылуына 4 назар аударып жүріңіз.
3 – 4 mm
Ескертпе: Шынжырлы араның зақымдануының алдын алу
үшін тек ұсынылған биологиялық ажырамды ара
шынжырының майын пайдаланыңыз. Ешқашан
пайдаланған майды немесе ескі майды пайдаланбаңыз.
Рұқсат етілмеген майды пайдалансаңыз кепілдік
жарамсыз болады.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
Шынжырлы араны «Шынжырлы арамен жұмыс істеу»
тарауда көрсетілгендей ұстаңыз.
Электр құралын пайдалану үшін алдымен құлыптау
пернесін 3 басып кейін қосқыш/өшіргішті 2 басып ұстап
тұрыңыз.
Электр бұйым іске қосылып жұмыс істеп тұрғанда қосуға
қарсы оқшаулау пернесін босатуыңызға болады.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 2
жіберіңіз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 2
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Ескертпе: Шынжырлы араны алдыңғы қол қорғау
құралын 5 басу арқылы тоқтатпаңыз (кері соққы тежеуішін
іске қосу).
Шығыс тежегіші/кері соғу тежегіші
(D суретін қараңыз)
Шынжырлы ара екі қорғаныс құрылғысымен
жабдықталған:
Шығыс тежегіші ара шынжырын қосқыш/өшіргіш 2
жіберілген соң тежейді.
Кері соққы тежеуіш - шынжырлы араның кері соққысы
пайда болғанында алдыңғы қол қорғау құралы 5 арқылы
қосылатын қорғау механизмі. Ара шынжыры дереу
тоқтатылады.
Анда-санда жұмыс істеуін тексеріңіз. Алдыңғы қол
қорғанышын 5 алға ( күйі), қызыл нүкте 28 6 белгісінің
астында көрінетіндей жылжытыңыз да, шынжырлы араны
қысқа қосыңыз. Ара шынжыры жүріп кетпеуі керек. Кері
соғу тежегішін босату үшін алдыңғы қол қорғанышын 5
кері тартыңыз ( күйі), қызыл нүкте 28 6 белгісінің
астында жасырынуы керек.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Ake 35-19 sAke 40-19 s

Table des Matières