OBJ_BUCH-1808-002.book Page 153 Tuesday, April 7, 2015 4:33 PM
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаңсорғышты қосу (А суретін қараңыз)
Тегістеу барысында әрдайым шаңсорғышты
пайдаланыңыз.
Шаңсорғышты 17 орнату (жабдық) үшін алмалы-салмалы
аспапты алып қойыңыз.
Керек болса, шаңсорғыштың 17 бөліктерін суретте
көрсетілгендей біріктіріңіз. Орнатылған шаңсорғышты
электр құралындағы аспап патронына 9 орнатыңыз.
Шаңсорғышты оның дөңестері корпустағы тиісті
тесіктерге кіретін етіп бұраңыз. Шаңсорғышты суретте
көрсетілгендей ұстағыш қапсырмамен 15 электр
құралында бекітіңіз.
Киізді сақинаның 14 зақымдалмағандығына және тегістеу
пластинасына 12 тығыз жатуына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған киізді сақинаны бірден алмастырыңыз.
Сорғыш шлангты 18 (жабдық) құрылымына байланысты я
тікелей аспирациялық құбырға 16 салыңыз я шланг ұштық
бөлшегін кесіп алып, сорғыш адаптерді 19 (жабдық)
шланг ұшына бұрап салып сосын оны тікелей
аспирациялық құбырға 16 салыңыз. Сорғыш шлангын 18
шаңсорғышқа қосыңыз (жабдықтар). Осы нұсқаулықтар
соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Тек электр құралыңыздың зауыттық
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Bosch Power Tools
Ескертпе: Электр құралыңызға арналмаған
аккумуляторды пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе
электр құралының зақымдануына алып келуі мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды 5 артынан электр құралының
тұтқасына салыңыз. Аккумуляторды қызыл сызық көрін-
бегенше, аккумулятор бекітілгенше толық тұтқаға салыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті 1 алға
жылжытып қосқышты „I" көзге түсетін қылыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 1 „0"
қосқышы көрінгеніше артқа жылжытыңыз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Литий-иондық аккумулятор „Electronic Cell Protection
(ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Ескертпе: Аккумулятор заряды ада болған немесе ол қы-
зып кеткен кезде электр құрал автоматты өшсе, онда электр
құралды қосқыш/өшіргішпен 1 өшіріңіз. Электр құралды
қайта қосар алдында аккумуляторды зарядтаңыз немесе
суытыңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Тербелу санын таңдау
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы 4 қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға
болады.
Пайдалану нұсқаулары
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
Ескертпе: Электр құралының желдеткіш саңылауын 2
жұмыс істеу кезінде жаппаңыз, әйтпесе электр құралының
пайдалану мерзімі қысқарады.
Жұмыс ережелері
Тербелтетін жетек арқылы алмалы-салмалы аспап
минутына 20000 реттей 2,8° тербеледі. Бұл қолайсыз, тар
жерде де жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Жай және бір қалыпты қысыммен жұмыс
істеңіз, әйтпесе жұмыс өнімділігі
төмендеп, алмалы-салмалы аспап
сыналанып қалады.
Электр құралын жұмыс істеу кезінде жан-
жаққа жылжытыңыз, сонда алмалы-
салмалы аспап қызбайды,
сыналанбайды.
Қaзақша | 153
1 609 92A 117 | (7.4.15)