OBJ_BUCH-2835-002.book Page 133 Tuesday, November 15, 2016 3:41 PM
Ара полотносын алу (В суретін қараңыз)
Ара дискісін босату тұтқышын 4 шам. 60° көрсеткі
бағытында қайырып қатты ұстаңыз. Ара дискісін 1 ара
дискісі патронына 18 тартып алыңыз. Ара дискісін босату
тұтқышын 4 қайта жіберіңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату (А суретін қараңыз)
Тек электр құралыңыздың зауыттық
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды 10 аккумулятор орнына 17
сезілетін ретте тірелгенше салыңыз.
Жүріс санын басқару/таңдау
Қатты материалдарда (мысалы, болат) ақырын жүріс дәл
кесуге мүмкіндік береді.
Қосқышты/өшіргішті 8 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының жүрістер санын біртіндеп
реттеуге болады.
Қосқышты/өшіргішті 8 жай басқанда төменірек жүріс
санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны
асады.
Жүрістер санын таңдайтын реттеуші 7 арқылы қажетті
жүрістер санын пайдалану кезінде да реттеу мүмкін.
1:
төмен жүріс саны
6:
жоғары жүріс саныl
Электроника бос жүрістегі және жүктеме кезіндегі
тербелістер жиілігін тұрақты дерлік ұстайды және біркелкі
өнімділікті қамтамасыз етеді.
Қажетті жүрістер саны дайындама және жұмыс
жағдайларына байланысты болуы мүмкін.
Bosch Power Tools
Ара полотносын дайындамаға қоюда және пластмасса,
алюминийді аралау кезінде жүрістер санын азайтқан
дұрыс.
Тербелуді реттеу
Тербелу аралау жылдамдығын, аралау өнімділігін және
аралау суретін өңделетін материалға лайықтауға
мүмкіндік береді.
Бұрама қосқышпен 6 тербелуді пайдалану кезінде де
реттеуге болады.
Тербелу өшік (басқыш 0):
Жұқа немесе қатты материалдарды мысалы, қаңылтыр,
болат өңдеу үшін.
Таза кесік қырларына жету үшін.
Тербелу Басқыш 1:
Түсті метал, қатты ағаш, пластмасса немесе қаттылғы
орташа материалдарды өңдеу үшін.
Тербелу Басқыш 2:
Түсті метал, қатты ағаш, пластмасса немесе қаттылғы
орташа материалдарды өңдеу үшін.
Жұмсақ материалдарды, мысалы жеңіл құрылыс
материалдарын, оқшауландыру материалын, жұмсақ
ағашты, құрылыс ағашын өңдеу.
Айналмалы және алынбалы тірек тақтасы
Тірек тақтасы 2 жылжымалылығы себебінен тиісті беттің
бұрышына сай ретте лайықталады.
Тірек тақтасы 2 пайдаланылатын аралас дискісіне
байланысты бойлай бағытпен 3 деңгейде қозғала алады.
Бұғаттаудан шығару түймесін 13 басыңыз және тірек
тақтасын 2 қажет күйге жылжытыңыз. Бұғаттаудан шығару
түймесін 13 жіберіңіз және тірек тақтасы 2 берік
бекітілгенін тексеріңіз. Тірек тақтасын 2 бекіту үшін қажет
дәрежеде қозғалтыңыз.
Ара дискісі патронын 18 тазалау үшін тіреуіш тақтаны 2
босату пернесін 11 басып, толығымен шығаруға болады.
Тіреуіш тақтаны тазалағаннан соң қайта патронына
тірелгенше жылжытыңыз.
Босату пернесін 13 жұмыс істеу кезінде баспаңыз.
Әйтпесе электр құралын бақылауды жоғалтуыңыз және
жарақаттануыңыз мүмкін.
Қосу/өшіру
Қосу: Қосу бұғаттамасын 9 алға басыңыз. Қосқыш/
өшіргішті 8 жоғарыға басып ұстап тұрыңыз.
Өшіру: Қосқыш/өшіргішті 8 жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде заң
нұсқауларын және материал өндірушісінің
ұсыныстарын орындаңыз.
Қaзақша | 133
1 609 92A 2L0 | (15.11.16)