САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
ПІСІРЕТІН БЕТТІ ІСКЕ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ БАРЫНША ЖАҚСЫ НƏТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ
ҮШІН, ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. Осы орнату жəне іске пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты сақтап қалуға жəне оны қажеттілігіне қарай жəне пісіретін бетті орнатудың
алдында қарап шығып отыруға кеңес беріледі. Сервистік орталыққа көмек сұрап жүгінген
жағдайда, төменде көрсетілгендей, пісіретін беттің төлқұжаттық табличкасында көрсетілген оның
сериялық нөмірін хабарлаңыз.
• ЕСКЕРТУ: Тұрмыстық электр аспап пен оның ашық бөліктері жұмыс істеген уақытта жоғары
температураға дейін қызуы мүмкі. Сақ болыңыз, оларға қол тигізбеңіз.
• 8 жасқа дейінгі балалар тұрақты қадағалаусыз тұрмыстық аспапқа тақалмауға тиіс.
• Бұл тұрмыстық аспапты егер олар байқаудың астында болса, жəне тұрмыстық аспапты қауіпсіз
пайдалануға қатысты үйретілген болса, сондай-ақ егер олар ықтимал қауіптіліктер жайында
хабардар болған жағдайда, 8 жастан асқан балалар, сондай-ақ қимыл немесе ақыл-ой қабілеті
бұзылған немесе тиісті тəжірибесі жоқ адамдар пайдалана алады.
• Балаларға тұрмыстық аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз.
• Балалар тұрмыстық аспапты тазалауды жəне қызмет көрсетуді ересектердің қадағалауынсыз
жүзеге асырмауға тиіс.
• ЕСКЕРТУ: Пісіретін бетте тоңмай немесе май пайдаланып тамақ пісіру тиісті түрде қараусыз
қауіпті болуы жəне өрт шығуына əкеліп соғуы мүмкін.
• ЕШҚАШАНДА жалынды сумен сөндіруге тырыспаңыз. Тұрмыстық электр аспапты өшіріңіз де,
жалынды үстінен қақпақпен немесе отқа төзімді матамен жабыңыз.
• ЕСКЕРТУ: Өрт шығу қаупі: пісіретін бетті оның үстінде заттар сақтау үшін пайдаланбаңыз.
• ЕСКЕРТУ: Пісіретін бетте жарықшалар пайда болған жағдайда, электр тогының соққысын
алудан сақтану үшін, тұрмыстық аспапты өшіріңіз.
• Тазалау үшін бу генераторын пайдаланбаңыз.
• Тұрмыстық аспап сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару жүйесі арқылы басқаруға
арналмаған.
• Галоген шамдарға қарамауға кеңес беріледі.
• Тұрмыстық аспапты токка қосу қолданыстағы электр қауіпсіздік ережелері мен нормаларына
сəйкес ағытқыш құрылғыны пайдалану арқылы жүзеге асырылуға тиіс.
• нұсқаулықта электр бауының типі көрсетілген болуға тиіс. Бұл орайда, электр аспаптың артқы
қабырғасының температурасы ескерілуге тиіс.
• Қоректендіру бауы зақымдалған жағдайда, оны өндіруші, техникалық қызмет көрсету жөніндегі
агент немесе жеткілікті біліктілікке ие маман ауыстыруға тиіс. Бұл қауіптіліктерден сақтану үшін
қажет.
• Қатты күйіп қалудан сақтану үшн, балаларға қыздыру аумақтары қосулы тұрған уақытта немесе,
олар өшірулі тұрған, бірақ бұл орайда қалдық қызудың индикаторы жанып тұрған уақытта тым
жақындауға рұқсат етпеңіз.
• Пісіретін бетті əр пайдаланғаннан кейін күйген кір мен тоңмайдың түзілуіне жол бермеу үшін, оны
тазалап отыру қажет. Егер пісіретін бетте кір қалса, онда келесі пайдаланған кзде ол күйеді жəне
бұл орайда түтін мен мүңкіген иіс шығатын болады. Сонымен қатар, бұл өрт шығуына əкеліп соғуы
мүмкін.
• Қыздыру аумақтарының үстіне алюминий фольга төсемеңіз жəне олардың үстіне пластмасс
ыдыс-аяқ қоймаңыз.
• Қыздыру аумақтары қосулы тұрған уақытта немесе олар суымайынша, оларға қолыңызды
тигізбеңіз.
• Ешқашанда тамақты шыны-керамика пісіретін беттің өзінде пісірмеңіз. Ол үшін əрдайым
лайықты ас үй ыдыс-аяғын пайдаланыңыз.
• Қазанды немесе табаны əрқашанда өзіңіз онда тамақ пісіретін қыздыру аумағының тура
ортасына қойыңыз.
• Ешқашанда пісіретін бетті турауға арналған тақтай ретінде пайдаланбаңыз.
• Ас үй ыдыс-аяғын пісіретін беттің үстімен сырғанатпаңыз.
• Пісіретін беттің үстінде ауыр заттарды сақтамаңыз. Егер олар пісіретін беттің үстіне құласа, онда
оны зақымдауы мүмкін.
• Ешқашанда пісіретін бетті жұмыс үстелі ретінде пайдаланбаңыз.
• Пісіретін бетті қандай да бір заттарды сақтауға арналған орын ретінде пайдаланбаңыз.
96 KZ