OBJ_BUCH-1845-003.book Page 117 Tuesday, March 17, 2015 9:53 AM
Осы ескертпелерде берілген дірілдеу пәрмені EN 60745
ережесінде мөлшерленген өлшеу әдісі бойынша
есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен
салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол дірілдеу қуатын
шамалап өлшеу үшін де жарамды.
Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа
жұмыстар үшін түрлі керек-жарақтармен басқа алмалы-
салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен
пайдаланылса дірілдеу көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс
барысындағы діріл қуатын арттырады.
Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және
қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру
қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты
төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Сәйкестік мәлімдемесі
Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер" де
сипатталған өнімнің 2011/65/EU, 2016 жыл 19 сәуіріне
дейін: 2014/108/EC, 2016 жыл 20 сәуірінен соң
2014/30/EU, 2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті
анықтамаларына өзгерістері менен бірге сәйкес екенін
және төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз:
EN 60745-1, EN 60745-2-3.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch GmbH, PT/ETM9
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Henk Becker
Helmut Heinzelmann
Executive Vice President
Head of Product Certification
Engineering
PT/ETM9
Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Leinfelden, 17.03.2015
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
Bosch Power Tools
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қосымша тұтқа мен қаптаманы орнату
(А суретін қараңыз)
Тек орнатылған қосымша тұтқамен 5 жұмыс істеңіз.
– Жинақтағы алты қырлы дөңгелек кілтпен 14 бұранданы
2 қаптамада 6 босатыңыз.
– Қаптаманы 6 шпиндель фланеціне орнатыңыз.
Қаптаманы 6 жұмыс шарттары мен жұмыс күйіне сай
қалыпқа қисайтыңыз.
– Бұрандалы 2 шегені бұрап қойыңыз.
– Қосымша тұтқаны 5 қаптамаға 6 орнатыңыз.
Бағыттаушы дөңгелекті онату
(В суретін қараңыз)
Бағыттаушы дөңгелекті 11 құлақты сомындармен 12
қаптамаға орнатыңыз.
Шпиндель ұзартқышын орнату
(C суретін қараңыз)
– Шпиндель бұғаттауышына 1 басып шпиндель
ұзартқышын 10 айыр тәрізді кілтпен (SW 21)
орнатыңыз.
– Буатты 7 шпиндель ұзартқышына 10 салыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты орнату
(D суретін қараңыз)
– Шпиндель бұғаттауышына 1 басыңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты шпиндель ұзартқышына
салыңыз. Буаттың 7 бекем тұруына көз жеткізіңіз.
– Бекіту бұрандасын 8 бекітіп бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспаптағы көрсеткі бағыттары мен
электр құралының корпусындағы көрсеткі бағыттарына
сәйкес болуына көз жеткізіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты/тегістеу құралын таңдау
Өңделетін материал және қажетті беттің алынуына
байланысты түрлі алмалы-салмалы аспаптар/тегістеу
құралдары ұсынылады:
– Орнатылған тегістеу құралы бар білікше
– Алмастырылатын тегістеу құралы бар білікше
– Тегістеу лентасымен пайдалану үшін бағыттау
дөңгелектері
Түйіршіктілік
Құрғақ тегістеу мен алдын
ала тегістеу үшін
дөрекі 40, 60
Құрылымдау және аздаған
кедір – бүдірді тегістеу үшін
орташа
Метал беттерді жылтырату
мен күңгірттеу
майда
Қaзақша | 117
80
Құрама флизелин
білікшелері
120–240
Флизелин
білікшелері
1 609 92A 180 | (17.3.15)