210 | Қазақ
білдіреді.
Кәдеге жарату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Пайдалану
Іске қосу
Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн
u
сәулелерінен сақтаңыз.
Өлшеу құралына айрықша температура немесе
u
температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны
мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен
температуралық ауытқулары жағдайында алдымен
өлшеу құралының температурасын дұрыс
пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе
температура тербелулері кезінде өлшеу құралының
дәлдігі төменделуі мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлап
u
түсуден сақтаңыз. Өлшеу құралына қатты сыртқы
әсер етілгеннен кейін, өлшеу құралының жұмысын
жалғастырудан бұрын әрдайым дәлдік тексерісін
орындауыңыз керек(қараңыз „Дәлдікті тексеру және
көлбеу өлшеуді калибрлеу (H суретін қараңыз)",
Бет 214) және (қараңыз „Қашықтықты өлшеудің
дәлдігін тексеру", Бет 214).
Қосу/өшіру
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз
u
қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан
соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
Өлшеу құралын қосу үшін төмендегі мүмкіндіктер бар:
– Қосу-өшіру түймесін (8) басыңыз: өлшеу құралы
қосылып, ұзындықты өлшеу функциясында болады.
Лазер қосылмайды.
– Өлшеу түймесін (2) басыңыз: өлшеу құралы мен лазер
қосылады. Өлшеу құралы ұзындықты өлшеу
функциясында тұрады. Өлшеу шинасына (25) өлшеу
құралы орнатылған болса, көлбеуді өлшеу функциясы
белсенді болады.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
u
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу-өшіру түймесін (8) ұзақ
уақыт басыңыз.
Егер шамамен 5 минут ішінде өлшеу құралында ешбір
түйме басылмаса, өлшеу құралы батарея зарядын сақтау
үшін автоматты түрде өшеді.
"Көлбеуді өлшеу" жұмыс режимінде шамамен 5 минут
ішінде бұрыш өзгермесе, өлшеу құралы батарея зарядын
сақтау үшін автоматты түрде өшеді.
Автоматты түрде өшу кезінде жадтағы барлық мәндер
сақталады.
Өлшеу процесі
Өлшеу түймесін (2) басу арқылы қосқаннан кейін, өлшеу
шинасына (25) енгізілген өлшеу құралы әрдайым
1 609 92A 55A | (05.08.2019)
ұзындықты өлшеу немесе көлбеуді өлшеу функциясында
болады. Басқа өлшеу функцияларын тиісті функция
түймесін басу арқылы реттеуге болады (қараңыз „Өлшеу
функциялары", Бет 211).
Өлшеудің негізгі жазықтығы қосқаннан кейін өлшеу
құралының артқы жиегі таңдалады. Негізгі жазықтық
түймесін (10) басу арқылы негізгі жазықтықты өзгертуге
болады (қараңыз „Негізгі жазықтықты таңдау (A суретін
қараңыз)", Бет 210).
Өлшеу құралын таңдалған негізгі жазықтықпен өлшеудің
қажетті бастау нүктесіне (мысалы, қабырғаға) қойыңыз.
Лазер сәулесін қосу үшін өлшеу түймесін (2) қысқаша
басыңыз.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
u
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Лазер сәулесімен мақсатты жазықтықты белгілеңіз.
Өлшеуді бастау үшін өлшеу түймесін (2) қайтадан
қысқаша басыңыз.
Үздіксіз лазер сәулесі қосылып тұрғанда, өлшеу процесі
өлшеу түймесін (2) алғаш рет басқанда басталады.
Ұзақтықты өлшеу функциясында өлшеу функция
қосылғанда бірден іске қосылады.
Өлшеу мәні әдетте 0,5 секунд пен ең ұзағы 4 секунд
аралығында пайда болады. Өлшеу ұзақтығы қашықтыққа,
жарық жағдайына және мақсатты жазықтықтың
қайтарғыштығына байланысты болады. Өлшеу
аяқталғанда, дыбыстық сигнал беріледі. Өлшеу
аяқталғаннан кейін, лазер сәулесі автоматты түрде өшеді.
Нысанаға алғаннан кейін шамамен 20 секунд ішінде
өлшеу орындалмаса, лазер сәулесі аккумулятор зарядын
сақтау үшін автоматты түрде өшеді.
Негізгі жазықтықты таңдау (A суретін
қараңыз)
Өлшеу үшін төрт түрлі негізгі жазықтықтардың арасынан
таңдауға болады:
– өлшеу құралының артқы жиегі немесе 90° шамасына
ашылған штифтілі тіректің (9) алдыңғы жиегі (мысалы,
сыртқы бұрыштарға салғанда),
– 180° шамасына ашылған штифтілі тіректің (9) ұшы
(мысалы, бұрыштардан өлшегенде),
– өлшеу құралының алдыңғы жиегі (мысалы, үстел
жиегінен өлшегенде),
– (19) ирек оймасының ортасы (мысалы, штативпен
өлшегенде).
Негізгі жазықтықты таңдау үшін (10) түймесін дисплейде
қажетті негізгі жазықтық көрсетілгенше басыңыз. Өлшеу
құралы әр қосылғаннан кейін, өлшеу құралының артқы
жиегі негізгі жазықтық ретінде алдын ала реттеледі.
Әлдеқашан орындалған өлшеу әрекеттері үшін негізгі
жазықтықты өзгертуге болмайды (мысалы, өлшеу
мәндерінің тізімінде өлшеу мәндері көрсетілгенде).
Bosch Power Tools