224 | Қазақ
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбыр (B суретін
қараңыз)
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (18) еркін
бұрауға болады.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (18) диаметрі
35 мм болатын сорғыш шлангіні немесе шаң/жоңқа
жинағыш қорапты (30) жалғауға болады.
Оңтайлы сорылуды қамтамасыз ету үшін жоңқаны
шығаруға арналған келте құбырды (18) жүйелі түрде
тазалап тұру қажет.
Сыртқы сорғыш
Сору шлангісін (39) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-
жарақ). Осы нұсқаулықтар соңында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес
u
бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету,
құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды
электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Пайдалану түрлері
Кесік тереңдігін реттеу (D–E суреттерін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
u
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
1 609 92A 9MV | (22.08.2024)
GKS 18V-68 G
Кесік тереңдігін алдын ала таңдауға арналған түйменің
(20) көмегімен кесік тереңдігін реттеуге болады.
GKS 18V-68
Кесік тереңдігін алдын ала таңдауға арналған иінтіректің
(21) көмегімен кесік тереңдігін реттеуге болады.
Шағын кесік тереңдігі үшін араны тірек тақтасынан (13)
ары тартыңыз, ал үлкен тереңдік үшін араны тірек
тақтасына (13) қарай итеріңіз. Кесік тереңдігінің
шкаласында (17) қажетті өлшемді орнатыңыз.
Еңіс бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (16) бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
GKS 18V-68 G
Еңіс бұрышын алдын ала таңдауға арналған реттегіш
иінтіректі (5) және құлақты бұранданы (15) босатыңыз.
Араны бүйірге қайырыңыз. Қажетті өлшемді шкалада (7)
орнатыңыз. Реттегіш иінтіректі (5) және құлақты
бұранданы (15) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (17) көрсетілген саннан кем.
GKS 18V-68
Еңіс бұрышын алдын ала таңдауға арналған реттегіш
иінтіректі (5) босатыңыз. Араны бүйірге қайырыңыз.
Қажетті өлшемді шкалада (7) орнатыңыз. Реттегіш
иінтіректі (5) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (17) көрсетілген саннан кем.
Кесік белгілері
GKS 18V-68 G
0° кесік белгісі (8) тік бұрышпен
(8)
(9)
аралау кезіндегі ара төсемінің күйін
көрсетеді. 45° кесік белгісі (9) 45°
0 0 °
°
45
бұрышпен аралау кезіндегі ара
төсемінің күйін көрсетеді.
0 °
Кесік жасау үшін, суретте көрсетілгендей, кесік белгісінің
сол жақ жиегіне сүйеніңіз. Бұл жағдайда қоқыс бөлігі оң
жақта орналасады. Сынақ кесік жасап көріңіз.
45 °
Bosch Power Tools