8.1 Ыдыс-аяқ
Индукциялық пісіру алаңдары үшін
күшті электромагниттік өріс ыдысты
тез қыздырады.
Индукциялық пісіру алаңдарын тиісті
ыдыстармен қолданыңыз.
• Қызып кетудің алдын алу және
аймақтардың жұмысын жақсарту үшін
ыдыс мүмкіндігінше қалың және тегіс
болуы керек.
• Плитаның үстіне қоюдан бұрын табаның
таза және құрғақ болуын қамтамасыз
етіңіз.
• Ыдыстарды әйнектің жиектеріне немесе
бұрыштарына сырғытпаңыз себебі ол
шыны бетін сындырып немесе
зақымдауы мүмкін.
Ыдыс-аяқ материалы
• дұрыс: шойын, темір, эмальмен
қапталған болат, тоттанбайтын темір,
табаны көп қабаттан тұратын ыдыс
(өндіруші тарапынан дұрыс таңба
салынған).
• дұрыс емес: алюминий, мыс, жез,
шыны, керамика, фарфор.
Мына жағдайларда ыдыс индукциялық
плита үшін жарамды:
• су ең жоғары қызу параметріне
орнатылған аймақта өте тез қайнайды.
• магнит ыдыстың түбіне тартылып
түседі.
Ыдыс өлшемдері
• Индукциялық пісіру алаңдары ыдыстың
түбінің өлшеміне автоматты түрде
бейімделеді. Ыдыстардың дұрыс
өлшемдерін «Техникалық деректер» >
«Пісіру аймақтарының сипаттамасы»
бөлімінен қараңыз. Ыдыстарды
таңдалған пісіру алаңының тура
ортасына қойыңыз.
• Пісіру алаңының тиімділігі ыдыстың
диаметріне байланысты. Оңтайлы жылу
беру үшін төменгі диаметрі пісіру
алаңының өлшеміне ұқсас ыдысты
пайдаланыңыз (яғни «Техникалық
деректер» > «Пісіру алаңдарының
сипаттамасы» бөліміндегі ыдыстың ең
көп диаметрінің мәні).
214
ҚАЗАҚ
– Берілген пісіру алаңынан кіші
диаметрдегі ыдыс, пісіру алаңынан
бөлінетін қуаттың бір бөлігін ғана
алып, бәсең қызуға әкеледі.
– Қауіпсіздік мақсатында және
пісірудің оңтайлы нәтижелері үшін
«Пісіру алаңдарының
сипаттамасында» көрсетілген
өлшемдерден үлкен болған ыдысты
пайдаланбаңыз. Пісіру барысында
ыдысты басқару панеліне жақын
қоймаңыз. Бұл басқару панелінің
жұмысына әсер етуі немесе
плитаның функцияларын кездейсоқ
іске қосуы мүмкін.
«Техникалық деректер» бөлімін
қараңыз.
8.2 Жұмыс кезіндегі шуыл
Шуылдың болуы қалыпты жағдай және
бұлар ешбір ақауды білдірмейді.
Ыдыстардың шулары ыдыстың
материалына және қуат деңгейіне
байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Ыдысқа қатысты шулар:
• сытырлаған шу: ыдыс әртүрлі
материалдан жасалған (сэндвич
тәсілімен).
• ысылдаған дыбыс: пісіру алаңының
қуаты өте жоғары және ыдыс әр түрлі
материалдан жасалған (сэндвич
тәсілімен).
• ызыңдау: жоғары қуат деңгейін
пайдаланып отырсыз.
Плитаға қатысты шулар:
• сыртылдау: электр желісінің қосылуы.
• ысылдау, ызыңдау: желдеткіш жұмыс
істеп тұр.
• ырғақты дыбыс: ыдыс анықталды.
8.3 Öko Timer (Эко таймер)
Қуатты үнемдеу үшін пісіру алаңының
қыздырғышы кері санақ таймерінің
сигналы естілмей тұрып сөнеді. Жұмыс
істеу уақытының әр түрлі болуы қызу
параметріне және пісіру уақытына
байланысты.