ҚАБЫРҒАҒА ОРНАТЫЛАТЫН ФЕН
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА ҚАТЫСТЫ
МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
FIRST Austria өндірген электрлік құрылғыларды қолдану
қауіпсіздік саласында танылған техникалық директивалар
мен құқықтық нормаларға сәйкес келеді. Дегенмен Сізбен
қоса басқа пайдаланушылар келесі қауіпсіздік нұсқауларын
орындауға тиісті:
• Бұл құрылғыны алғаш рет қолданар алдында осы
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз және оларды
кейінірек пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
• Бұл бұйым осы нұсқаулықта көрсетілгеннен басқаша
қолдануға арналмаған.
• Құрылғыны қуат көзіне қоспас бұрын, құрылғыда
көрсетілген кернеудің үйіңіздегі желі кернеуіне сәйкестігін
тексеріп алыңыз. Кері жағдайда дилерге хабарласыңыз
және құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Сымды ыстық беттерге тигізбеңіз.
• Өнімді газ көздерінің немесе басқа жанғыш
материалдардың немесе заттардың жанында
пайдаланбаңыз.
• Егер құрылғыдан немесе қуат сымынан қандай да бір
зақым белгісі байқалса, оны пайдаланбаңыз! Бұйымды
тексерту немесе жөндету үшін уәкілетті әрі білікті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
• Электр тогы соқпас үшін, бұл құрылғыны немесе сым
жинағын ешбір сұйықтыққа малмаңыз.
• Ауа кіретін және шығатын жерлерді ештеңемен жаппаңыз
немесе оларға кедергі келтірмеңіз!
• Құрылғыны дымқыл қолмен пайдаланбаңыз.
• Суға түсіп кеткен құрылғыны алуға ұмтылмаңыз. Оны қуат
көзінен дереу ажыратыңыз.
• Өндіруші ұсынбаған немесе сатпаған қондырмаларды
пайдалану өртке, электр тогының соғуына немесе
жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
• Бұл құрылғыны далада пайдаланбаңыз.
• Құрылғы істеп тұрған кезде, оны қараусыз қалдырмаңыз.
• Құрылғыны ванна, душ, қолжуғыш немесе бассейн сияқты
су көздеріне жақын жерде пайдаланбаңыз.
• Бұл құрылғы пайдалану кезінде қызады. Күйіп қалмау
үшін ыстық жерлеріне тимеңіз.
• Ыстық ауаны көзге немесе басқа да ыстыққа сезімтал
жерлерге бағыттамаңыз.
• Қолданған соң, тазалау алдында және ақау пайда
болған жағдайда, құрылғыны міндетті түрде қуат көзінен
ажыратыңыз.
• Құрылғыны 8 жастан асқан балалар және физикалық,
сезу немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі не тәжірибесі
мен білімі аз адамдар пайдалана алады, алайда оларға
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау беру және қадағалау
қажет, сондай-ақ олардың қауіп-қатер барын түсінуі
— шарт. Балалар құрылғымен ойнамау керек. Тазалау
60
және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын балалар
жүргізбеуі тиіс, тек 8 жастан асса және ересектердің
қадағалауымен ғана орындауға болады. Құрылғы
мен оның сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы
жетпейтін жерде ұстаңыз.
• Құрылғы өз мақсатында қолданылмаса немесе дұрыс
қолданылмаған жағдайда пайда болған қандай да бір
зақым үшін біз жауапты болмаймыз.
• Құрылғыны жөндеу және басқа да жұмыстарды тек
уәкілетті маман орындауы тиіс!
ОРНАТУ ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Ақаулық орын алған жағдайда ажырату мүмкін болу үшін,
электрқондырғы ережелерге сәйкес орнатылуы тиіс. Осыған
байланысты құрылғы тиісті сақтандырғышпен қорғалуы
қажет және желіге тікелей тәуелді болмауы керек.
• Жуынатын бөлмеде орнатылатын болса, қалдық тогы бар
құрылғы қалдық ток мәні 30 мА болғанда өшетін болғаны
дұрыс.
• Күмәнданған жағдайда білікті маманмен кеңесіңіз.
• Жуынатын бөлмеде орнатылатын болса, орнатылатын
орынға да баса мән беру қажет.
• Құрылғыға су тимейтін болуы тиіс.
• Орнату барысында ұзартылған спираль сым көмегімен
1-аймаққа (жуынатын бөлмеге) дейін кемінде 0,6 м
қауіпсіз қашықтық сақталатынына көз жеткізіңіз.
ҚАБЫРҒАЛЫҚ КРОНШТЕЙНДІ ОРНАТУ
1. Орнату кезінде қуат кабелін желіден міндетті түрде
ажырату керек, сақтандырғышты өшіріңіз!
2. Кішкене бұранданы босату арқылы қабырға
кронштейнінің қақпағын алыңыз.
3. Кронштейнді қабырғаға қойып, тесіктердің тиісті орнын
белгілеңіз. Дұрыс бұрғы өлшемін қолданыңыз. Тереңдігі
35 мм болатын саңылауды бұрғылаңыз, содан кейін
дюбелдерді тесіктерге салыңыз.
4. Енді қуат кабелін қабырғадан қабырға кронштейніндегі
тесік арқылы өткізіңіз, кейін қабырға кронштейнін
қабырғаға мықтап бұраңыз.
5. Қуат кабелін кабель қысқышына жалғап, қақпақты қайта
бекітіңіз.
61