2.5 ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
ЕСКЕРТУ ! Осы өнім жұмыс кезінде электрмагниттік
өрісті шығарады! Осы өріс белгілі бір жағдайларда
белсенді
имплантаттарға кедергі келтіруі мүмкін! Ауыр немесе
қазалы жарақат алу қаупін азайту үшін медициналық
имплантаттары бар адамдар осы өнімді пайдаланудан
бұрын дəрігермен немесе медициналық имплантат
өндірушісімен кеңескен жөн!
• Электр құралдарын жаңбырдан жəне ылғалдан сақтаңыз. Электр құралына
су кірсе, электр тогының соғу қаупі артады.
2.6 ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК
• Электр құралын пайдаланған кезде абай болыңыз, іс-əрекетіңізге
байыптылықпен қарап, зейін қойыңыз. Шаршап тұрсаңыз немесе
есірткі, ішімдік не дəрі-дəрмек қабылдаған болсаңыз, электр құралын
пайдаланбаңыз. Электр құралдарын пайдаланған кезде, зейін қоймау
салдарынан ауыр дене жарақатын алуыңыз мүмкін.
• Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз. Қорғаныс көзілдірігін үнемі тағып
жүріңіз. Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын арнайы аяқ-киім, берік
каска немесе есту мүшесін қорғайтын құрал сияқты қорғаныс жабдығын
сəйкес жағдайларда пайдаланғанда жеке жарақат алу қаупі азаяды.
• Электр құралының абайсызда іске қосылуына жол бермеңіз. Қуат көзіне
жəне/немесе батареяға қоспас бұрын, құралды жинамай не тасымалдамай
тұрып, ауыстырып-қосқыштың өшірулі күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр
құралдарын ауыстырып-қосқышынан ұстап тасымалдау немесе ауыстырып-
қосқыш қосулы күйде қуаттандыру салдарынан оқыс оқиғалар орын алуы
мүмкін.
• Қатты күш жұмсамаңыз. Үнемі тұрақты қалыпта тұрыңыз жəне тепе-теңдік
сақтаңыз. Бұл кездейсоқ жағдайларда электр құралын дұрыс басқаруға
мүмкіндік береді.
• Электр құралын іске қоспас бұрын, реттегіш кілттер мен сомынды
бұрайтын кілттерді алып тастаңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде
бекітулі күйде қалған реттегіш кілт немесе сомынды бұрайтын кілт дене
жарақатына əкелуі мүмкін.
• Электр құралына артық жүктеме түсірмеңіз. Жұмысыңыз үшін дұрыс
электр құралын пайдаланыңыз. Дұрыс электр құралы өзінің арнайы
жылдамдығында жұмысты едəуір тиімді əрі қауіпсіз түрде орындайды.
немесе
бейтарап
147
медициналық
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
EN