Télécharger Imprimer la page

Kärcher FC 2-4 Mode D'emploi page 168

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 17
еріткіштері бар сұйықтықты немесе
сұйытылмаған қышқылдарды құймаңыз (мысалы,
тазалағыш құралдарды бензинді, бояуға арналған
еріткіштер мен ацетонды). ● Құрылғыны тұщы су
багі мен лас су багі орнатылған кезде ғана
қосыңыз. ● Құрылғымен сынықтар, тастар,
бөтелкелер, ойыншық бөліктері секілді өткір
немесе үлкен заттарды тазаламаңыз. ● Таза су
багіне сірке қышқылын, əктасты кетіруге
арналған құралдарды, эфир майын жəне ұқсас
заттарды қоспаңыз. Сондай-ақ, бұл заттарды
құрылғымен сорып алмау үшін сақ болыңыз.
● Құрылғыны тек су өткізбейтін жабыны бар
қатты едендерде, мысалы, лакталған паркетте,
эмальмен қапталған тақтайшаларда немесе
линолеумде қолданыңыз. ● Құрылғыны кілемдер
мен кілемдік жабындарды тазалау үшін
қолданбаңыз. ● Құрылғыны конвекторлы
жылытқыштардың еден торы арқылы өткізбеңіз.
Құрылғы тор арқылы өтіп кетсе, ол ағып кеткен
суды сіңіре алмайды. ● Жұмыстағы неғұрлым ұзақ
үзілістер кезінде жəне пайдаланғаннан кейін
құрылғыны негізгі ажыратқышпен/құрылғы
ажыратқышымен өшіріңіз. ● Құрылғыны 0 °C-тан
төмен температурада қолданбаңыз. ● Құрылғыны
жаңбырдан қорғаңыз. Құрылғыны ашық ауада
сақтамаңыз.
Құрылғыдағы белгілер
ҚАУІП
Ток соғу қаупі
Құрылғыда электрлік құрамдастар
бар.
Құрылғыны ағынды сумен жууға
болмайды. Құрылғыны суға
салмаңыз.
Құрылғының сипаттамасы
Осы нұсқаулықта максималды комплектациядағы
құрылғы сипатталған. Үлгіге қарай жеткізілім
комплектациясында айырмашылықтар болады
(Қаптаманы қараңыз).
Суреттерді графикалық беттен қараңыз.
Сурет A
Тұтқа
1
Таза су багі
2
Шашқа арналған сүзгінің босату түймесі
3
Шашқа арналған алынатын сүзгі
4
Құрал тұтқасының құлпын ашу түймесі
5
Еденге арналған бастиек
6
Аккумулятор жинағының жазбасы
7
Аккумулятордың қызмет ету мерзімінің жарық
8
диодты көрсеткіші
Аккумулятор жинағы (KÄRCHER Battery Power
9
4 В)
Зарядтау құрылғысы (KÄRCHER Battery Power
10
4 В)
* Duo жылдам зарядтау құрылғысы (KÄRCHER
11
Battery Power 4 В)
Тазалау шөткесі
12
168
Əмбебап тазартқыш білікше
13
* Тас едендерге арналған тазартқыш білікше
14
Тұрақтату станциясы
15
RM 536 тазалағыш құралы (30 мл)
16
* RM 536 тазалағыш құралы (500 мл)
17
* RM 537 тазалағыш құралы (30 мл)
18
Тазартқыш білікшені сақтауға арналған биіктік
19
Лас суға арналған бак
20
Тазартқыш білікшені алуға арналған бүйірлік
21
қақпақ
* қалау бойынша
Құрылғының тұтқасын бекітіңіз
1. Құрылғы тұтқасының жоғарғы бөлігін сырт етіп
орнына түскенше құрал тұтқасының төменгі
жағына салыңыз.
2. Негізгі құрылғыны бекітіңіз.
3. Құрылғы тұтқасын негізгі құрылғыға сырт етіп
тірелгенше салыңыз. Құрылғы тұтқасы
құрылғыға берік бекітілуі керек.
Сурет B
Пайдалануға енгізу
Аккумулятор жинағын зарядтау
1. Аккумулятор жинағын зарядтаңыз (аккумулятор
жинағы мен зарядтау құрылғысының пайдалану
нұсқаулықтарын жəне қауіпсіздік нұсқауларын
қараңыз).
Аккумулятор жинағын салыңыз
1. Аккумулятор жинағын құрылғыдағы аккумулятор
жинағының ұстағышына орнына түскенін
сезгенше басыңыз.
Сурет C
Лас су багін салыңыз
1. Құрылғыны жерге қойыңыз.
2. Лас су багін тұтқаның ойығынан ұстап, оны
еденге арналған бастиектің бағыттағышына
салыңыз.
Сурет D
1. Бүйірлік қақпақтың құлпын ашу түймесін басып,
қақпақты алыңыз.
2. Білікшенің ішкі жағындағы жəне құрылғыдағы
білікше ұстағыштың түс тағайындауына
(мысалы, күлгіннен күлгінге) назар аударыңыз.
3. Тазартқыш білікшені білікше ұстағышқа
бекітілгенше салыңыз.
Сурет E
4. Бүйірлік қақпақты құрылғыға бекітіңіз.
Таза су багін толтырыңыз
1. Таза су багін бүйірдегі тұтқаларынан ұстап
алыңыз да, оны құрылғыдан алыңыз (45°).
2. Бактің қақпағын ашып, оны бір жаққа қарай
бұрыңыз.
Сурет F
3. Таза су багін су құбырының суық немесе сəл
жылы таза суымен толтырыңыз.
Қазақша
Орнату
Білікшені бекіту

Publicité

loading