дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Бірқалыпты іске қосу
Электрондық бірқалыпты іске қосу жүйесі қосу кезіндегі
айналу жиілігін шектейді және электр құралының
бірқалыпты іске қосылуын қамтамасыз етеді.
Нұсқау: электр құралы қосылғаннан кейін толық айналу
жиілігімен жұмыс істесе, бұл бірқалыпты іске қосу
жүйесінің және қайта қосылудан қорғаныстың істен
шыққанын білдіреді. Электр құралын бірден қызмет
көрсету орталығына жіберу қажет, мекенжайларды
"Қызмет көрсету орталығы және пайдалану бойынша
кеңес" бөлімінен қараңыз.
Қайта қозғалу сақтағышы
Кездейсоқ қосылудан қорғағыш
қуаттандырудан кейін электр құралының
бақылаусыз іске қосылуын болдырмайды.
RESTART
PROTECTION
Қайта пайдалану үшін ажыратқышты (3)
өшірілген күйге келтіріп электр құралды
қайта қосыңыз.
Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі
Электр құралы кенет кері соқса, мысалы,
кесетін жерде сыналану кезінде,
қозғалтқышқа қуат беру электрондық жүйе
арқылы тоқтатылады.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (3)
өшірулі күйіне келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Басты тұтқаны бұрау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ажыратқыш (3) өшірулі күйде болуы керек.
u
Bosch Power Tools
Басты тұтқаны (36) қозғалтқыш корпусына 90° шамасына
солға немесе оңға бұрауға болады. Осылайша
ажыратқышты жұмысқа ыңғайлы күйге орнатуға болады,
мысалы, кесу жұмыстары үшін бағыттауыштары бар
сорғыш қаптамамен (21)/(35) немесе солақайлар үшін.
Тұтқа ысырмасын (37) басып, басты тұтқаны (36)
құлыптан босатыңыз және дәл сол уақытта басты тұтқаны
(36) қалаулы күйге тірелгенше бұраңыз.
Жинау
Қорғаныш аспапты орнату
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе
қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса,
электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек,
мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Қысқыш иінтірекпен ажарлауға арналған қорғаныш
қаптама
Қысқыш иінтіректі (8) ашыңыз. Қорғаныш қаптаманы (6)
кодтау жұдырықшасымен (7) шпиндель мойнындағы
кодтау ойығына енгізіңіз, сонда қорғаныш қаптаманың
қамыты электр құралының фланеціне кіруі тиіс, сонан
соң қорғаныш қаптаманы (6) қалаулы позицияға дейін
бұраңыз. Қысқыш иінтіректі (8) жауып қойыңыз.
Қорғаныш қаптаманы (6) операторға қарай ұшқын
u
бағытталмайтындай етіп орнатыңыз.
Қорғаныш қаптама (6) құлпының қысу күшін реттеу
бұрандасын (9) босату немесе тарту арқылы өзгертуге
болады. Қорғаныш қаптаманың (6) тұрақты тұруына көз
жеткізіп, оны жүйелі түрде тексеріңіз.
Нұсқау: қорғаныш қаптамадағы (6) кодтау
жұдырықшалары тек электр құралына жарамды
қорғаныш қаптаманың монтаждалуын қамтамасыз етеді.
Бекіткіш бұрандамен ажарлауға арналған қорғаныш
қаптама
Қорғайтын қаптаманы (33) шпиндель мойыншасына
орнатыңыз. Қорғайтын қаптама (33) күйін жұмыс күнінің
талаптарына сай етіп қорғайтын қаптаманы (33) бекіту
бұрандасымен (32) бұғаттаңыз.
Қазақ | 221
1
2
(36)
(3)
(37)
1 609 92A 8TU | (02.05.2024)