Жұмысқа дайындық
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі абайсыздан қосылу себебінен!
▶
Аккумуляторды орнату алдында оған қатысты өнімнің өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
▶
Аспап реттеулерін орындау немесе қосалқы бөлшектерді алмастыру алдында аккумуляторды
шығарыңыз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
Аккумуляторды зарядтау
1.Зарядтау алдында зарядтағыш құрылғының пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз.
2.Аккумулятордағы және зарядтағыш құрылғыдағы контактілердің таза әрі құрғақ екендігіне көз
жеткізіңіз.
3.Аккумуляторды рұқсат етілген зарядтағыш құрылғы ішінде зарядтаңыз.
Аккумуляторды орнату
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі қысқа тұйықталудан немесе аккумулятордың құлауынан!
▶
Аккумуляторды орнату алдында аккумулятор контактілерінде және өнімдегі контактілерде
бөгде заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
▶
Аккумулятордың әркез дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1.Аккумуляторды алғаш рет іске қоспас бұрын зарядтаңыз.
2.Аккумуляторды өнімге шерту дыбысымен тірелгенше кіргізіңіз.
3.Аккумулятордың аспапқа берік бекітілгенін тексеріңіз.
Аккумуляторды шығару
1.Аккумулятордың құлыптан босату түймесін басыңыз.
2.Аккумуляторды өнімнен шығарыңыз.
Бүйірлік тұтқаны орнату
1.Бүйірлік тұтқыштың ұстағышын (тартылмалы таспаны) босату үшін, тұтқыш бойынша
айналдырыңыз. Ұстағышты (тартылмалы таспаны) алдыңғы жақтан жылдам қысқыш бұрғылау
патроны арқылы арнайы қарастырылған ойыққа дейін жылжытыңыз .
2.Бүйірлік тұтқышты қалаулы орынға орналастырыңыз.
3.Бүйірлік тұтқыштың ұстағышын (тартылмалы таспаны) керу үшін,
айналдырыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты енгізу
1.Алмалы-салмалы аспаптың енгізу шеті таза екендігіне көз жеткізіңіз.
тазалаңыз.
2.Жылдам қысқыш бұрғылау патронын ашыңыз.
3.Алмалы-салмалы аспапты жылдам тартылатын патронға салыңыз да, бірнеше механикалық
шырт еткен дыбысты естігенше оны тығыз бекемдеңіз.
4.Алмалы-салмалы аспаптың берік бекітілгенін тексеріңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
1.Жылдам қысқыш бұрғылау патронын ашыңыз.
▶
Патрон ашылмаса, берілген ілмекті кілтті қолданыңыз.
2.Алмалы-салмалы аспапты жылдам тартылатын патроннан тартып алыңыз.
154
2
151
тұтқыш бойынша
Қажет болса, оны
2360253
*2360253*