▶
Соққы тиген немесе басқаша зақымдалған аккумуляторларды пайдаланбаңыз немесе
зарядтамаңыз. Аккумуляторларда зақымдалу белгілерінің бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп
тұрыңыз.
▶
Еш жағдайда қайта өңделген немесе жөнделген аккумуляторларды пайдаланбаңыз.
▶
Ешқашан аккумуляторды немесе аккумуляторлық электр құралын соқпа құрал ретінде
пайдаланбаңыз.
▶
Аккумуляторларға ешқашан тікелей күн сәулесі, жоғары температура, ұшқын немесе ашық
жалын әсерін тигізбеңіз. Бұл жарылысқа апарып соғуы мүмкін.
▶
Батарея полюсіне саусақпен, құралдармен, әшекеймен немесе басқа да электр тогын өткізетін
бөгде заттармен тимеңіз. Бұл аккумуляторға зақым келтіруі, сондай-ақ мүлікке залал келтіруі
және жарақат алуға әкелуі мүмкін.
▶
Аккумуляторларды жаңбыр, ылғал мен сұйықтықтарда алшақ ұстаңыз. Еніп кеткен ылғал
қысқа тұйықталу, ток соғу, күйіп қалу, өртену және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
▶
Тек осы аккумулятор түрі үшін көзделген зарядтағыш құрылғылар мен электр құралдарын
пайдаланыңыз. Бұл ретте тиісті пайдалану бойынша нұсқаулықтардағы мәліметтерге назар
аударыңыз.
▶
Аккумуляторды жарылғыш орталарда пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.
▶
Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы мүмкін. Аккумуляторды
тұтанғыш материалдардан жеткілікті қашықтықта орналасқан, жақсы көрінетін, тұтанбайтын
жерге қойыңыз. Аккумуляторды суытыңыз. Аккумулятор бір сағаттан кейін әлі де қолға ыстық
болып тұрса, бұл оның ақаулы екендігін білдіреді. Hilti қызмет көрсету орталығына жолығыңыз
немесе «Қауіпсіздік және Hilti Li-Ion аккумуляторын пайдалану бойынша нұсқаулар» атты
құжатты оқып шығыңыз.
Литий-иондық аккумуляторларды тасымалдау, сақтау және пайдалану үшін қолданыла-
тын арнайы директиваларды ескеріңіз.
Аталмыш пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы QR кодын сканерлеу арқылы
табуға болатын Hilti Li-Ion аккумуляторларына арналған қауіпсіздік және пайдалану
бойынша нұсқауларды оқып шығыңыз.
Сипаттама
1
Өнімге шолу
Құлыптау төлкесі бар құрал бекіткіші
@
(7/16 дюймдік ішкі алты қырлы)
Қосылудан қорғайтын құлпы
;
бар солға/оңға айналудың
ауыстырып-қосқышы
Негізгі сөндіргіш (айналу жиілігі
=
электрондық түрде басқарылатын)
Тұтқа
%
Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім алты қырлы бекіткіші бар аккумуляторлық гайка бұрауыш болып табылады.
Келесідей қолдану жолдары бар:
• Жұлдыз тәрізді оймасы бар бұрауышпен ағаш құрылымдарға бұранда орнату
• Бұрандаға арналған 7/16" ұялы бұрғымен ағаш құрылымдарды бұрғылау
• 7/16" алты қырлы және ½" төрт қырлы алмалы-салмалы тетікті кілтпен және бүйірлі кілтпен
кергіш бұрандаларды ағаш құрылымға орнату
298
304
Керек-жарақтарға арналған
&
монтаждық саңылау
Аккумулятор
(
Режим индикаторы
)
Режим түймесі
+
Жұмыс орнын жарықтандыру (жарық
§
диоды)
Аккумуляторды босату түймесі
/
Аккумулятордың күй индикаторы
:
2356008
*2356008*