Télécharger Imprimer la page

Hilti SID 8-22 Mode D'emploi page 301

Masquer les pouces Voir aussi pour SID 8-22:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 43
Жұмысты бастамас бұрын жұмыс аймағында жасырын сымдардың, газ бен су құбырларының
бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
жағдайда, өнімнің сыртындағы металл бөліктер ток соғуға немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.
Желдету саңылауларын әрдайым бос ұстаңыз. Үсті жабылған желдету саңылауларынан өрт
қаупі туындайды!
Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
Өнімді қолдану барысында қорғауыш көзілдірікті, қорғауыш касканы және қорғауыш
құлаққапты киіп жүріңіз.
Құралды алмастырған кезде қорғауыш қолғап киіңіз. Алмалы-салмалы аспапқа тию кесіктерге
және күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
Қорғауыш көзілдіріктерді пайдаланыңыз.
жарақаттауы мүмкін.
Ажарлау, егеуқұм қағазымен тазалау, кесу және бұрғылау кезінде пайда болатын шаңның
құрамында қауіпті химиялық заттар болуы мүмкін. Мысалдары келесідей: қорғасын немесе
қорғасын негізіндегі бояулар; плитка, бетон және басқа кірпіш қалау өнімдері, табиғи тас және
басқа силикаттық өнімдер; емен, шамшат және химиялық затпен өңделген сүрек сияқты белгілі
бір сүрек түрлері; асбест немесе құрамында асбест бар материалдар. Пайдаланушы мен оның
айналасындағы адамдарға әсер ету дәрежесін өңдеу орындалатын материалдардың қауіп
класы бойынша анықтаңыз. Әсерді қауіпсіз деңгейде сақтау үшін шаң жинайтын жүйелерді
пайдалану немесе арнайы тыныс алу органдарының қорғанысын киіп жүру сияқты қажетті
шараларды қолданыңыз. Әсер ету дәрежесін азайту бойынша жалпы шараларға төмендегілер
жатады:
Жақсы желдетілген аймақта жұмыс істеу,
Шаңның ұзақ уақыт бойы тиюіне жол бермеу,
Шаңды көз бен денеден алыстату,
Қорғаныс киімін киіп жүру және әсер етілген жерлерді сумен және сабынмен жуу.
Саусақтың қан айналымын жақсарту үшін жиі үзіліс жасап, жаттығу жасаңыз. Ұзақ уақыт
жұмыс істеген кезде, қатты дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры
не жүйкесіне теріс әсер тиюі мүмкін.
Өнімнің жарығына (жарық диоды) тікелей қарамаңыз және жарықты басқа адамдардың көзіне
тікелей бағыттамаңыз. Соқырлық қаупі бар.
Құрал мен аккумуляторды алмастырған кезде және аспапты сақтаған және тасымалдаған
кезде сақтандырғышты белсендіріңіз (оң жақ/сол жақ ауыстырып-қосқыш орталық күйінде).
Өнімді жұмыс күйіне орнатылғаннан кейін ғана қосыңыз.
Өнімді алып тастау алдында ол толығымен тоқтағанша күтіңіз.
Құлап қалған құралдардан және/немесе керек-жарақтардан жарақат алу қаупі бар. Жұмысты
бастамас бұрын аккумулятор мен қондырылған керек-жарақтың берік бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
Литий-иондық аккумуляторларды пайдалану және күту бойынша төмендегі қауіпсіздік
шараларын орындаңыз. Нұсқауларды орындамау тері тітіркенуіне, ауыр тот басқыш жара-
қаттарға, химиялық күйіктерге, өртенуге және/немесе жарылысқа апарып соғуы мүмкін.
Аккумуляторларды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
Зақымдалуды болдырмау және денсаулыққа қатты зиян келтіре алатын сұйықтықтардың
шығуына жол бермеу үшін аккумуляторларды абайлап қолданыңыз!
Аккумуляторларды ешбір жағдайда модификациялауға немесе құрылымына өзгеріс енгізуге
болмайды!
Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C (176°F) шамасынан жоғары температураға
дейін қыздыруға және жағуға тыйым салынады.
*2356008*
Қуыт сымына, газ немесе су құбырына зақым келтірген
2356008
Материалдың сынықтары денені және көзді
297

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Sid 8-22 02