▶
Егер электр құралмен ылғалдылық жағдайларында жұмыс істеуді болдырмау мүмкін
емес болса, шығып кететін токтан қорғау автоматын қолданыңыз. Шығып кететін токтан
қорғау автоматын қолдану электр тогының соғу қаупін азайтады.
Адамдардың қауіпсіздігі
▶
Ұқыпты болыңыз, әрекеттеріңізге көңіл бөліңіз және электр құралымен жұмыс істеуге
дұрыс қараңыз. Шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь не дәрі қабылдаған соң электр
құралын қолданбаңыз. Электр құралын қолданған кездегі зейінсіздік ауыр жарақаттарға
апарып соғуы мүмкін.
▶
Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз және әрқашан міндетті түрде қорғауыш
көзілдірікті киіңіз. Электр құралының түріне және пайдалану жағдайларына байланысты
жеке қорғану құралдарын, мысалы, шаңнан қорғайтын респираторды, сырғымайтын аяқ
киімді, қорғауыш шлемді, естуді қорғау құралдарын қолдану жарақаттану қаупін азайтады.
▶
Электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмаңыз.
және/немесе аккумуляторды қою, көтеру немесе тасымалдау алдында электр құралы
өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
болатын немесе қосылған электр құралы желіге қосылатын жағдайлар сәтсіз жағдайларға
әкелуі мүмкін.
▶
Электр құралын қосу алдында реттеуші құрылғыларды және гайка кілтін алыңыз. Электр
құралының айналатын бөлігіндегі аспап немесе кілт жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶
Жұмыс кезінде ыңғайсыз қалыптарға тұрмауға тырысыңыз. Үнемі тұрақты күйді және
тепе-теңдікті сақтаңыз. Бұл күтпеген жағдайларда электр құралын жақсырақ басқаруға
мүмкіндік береді.
▶
Арнайы киімді киіңіз. Өте бос киімді немесе әшекейлерді кимеңіз. Шашты, киімді және
қолғапты электр құралының айналатын түйіндерінен сақтаңыз. Бос киім, әшекейлер және
ұзын шаш оларға ілінуі мүмкін.
▶
Егер шаңды жинау және кетіруге арналған құрылғыларды қосу қарастырылған болса,
олар қосылғанына және мақсаты бойынша қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз.
Шаңды кетіру модулін пайдалану шаңның зиянды әсерін азайтады.
▶
Өз мойныңызға қате қауіпсіздік сезімін алмаңыз және электр құралына арналған
қауіпсіздік ережелерін бұзбаңыз, тіпті электр құралын жиі қолданатын тәжірибелі
пайдаланушы болсаңыз. Мұқиятсыз қолдану бірнеше секундта ауыр жарақаттануға апарып
соғуы мүмкін.
Электр құралын қолдану және оған қызмет көрсету
▶
Аспапқа шамадан тыс жүктеме түсуін болдырмаңыз. Нақ осы жұмысқа арналған электр
құралын қолданыңыз. Бұл ережені сақтау көрсетілген қуат диапазонында жоғарырақ жұмыс
сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
▶
Сөндіргіші бұзылған электр құралын қолданбаңыз. Қосу немесе өшіру қиын электр құралы
қауіпті және оны жөндеу керек.
▶
Электр құралын реттеуге, саймандарды ауыстыруға кірісу алдында немесе жұмыстағы
үзіліс алдында розеткадан ашаны және/немесе электр құралынан алмалы-салмалы
аккумуляторды шығарыңыз. Бұл сақтық шарасы электр құралының кездейсоқ қосылуын
болдырмайды.
▶
Қолданылмайтын электр құралдарын балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Аспаппен
таныс емес немесе осы нұсқауларды оқып шықпаған адамдарға аспапты пайдалануға
рұқсат бермеңіз. Электр құралдары тәжірибесі жоқ пайдаланушылардың қолында қауіпті
болады.
▶
Электр құралдары мен керек-жарақтарға ұқыпты қараңыз. Айналмалы бөліктердің
мүлтіксіз қызмет ететінін, олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің тұтастығын
және электр құралының жұмысына теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқтығын
тексеріңіз. Аспаптың зақымдалған бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз.
*2356008*
Электр құралын тасымалдағанда саусақтар сөндіргіште
2356008
Электр қуатына қосу
295