MQ5B.book Seite 42 Mittwoch, 12. November 2014 12:26 12
kk
Араластыру шынаяғы шағын толқынды пеште қолдану үшін
жарамды емес. Араластыру аяғын ешқашан ыстық үстілер үстіне
қоймаңыз немесе өте ыстық болып тұрған араластырылатын
өнімдер ішінде қолданбаңыз. Ыстық болып тұрған араластырыла-
тын өнімдерді блендермен араластыру алдынан 80 °C немесе
одан да төменірек қылып суытып алыңыз. Батырмалы блендерді
тамақ пісіру кастрөл ішінде қолдану алдында кастрөлді алдымен
тамақ пісіру пешінен алып қойыңыз.
Жалпы мәліметтер
Екі жағынан жайып ашыңыз.
A cурет
1 Негізгі құрал
2 Қосу түймешігі
Қосу түймешігі басылып тұрған уақыт
бойы батырмалы блендер іске
қосылып тұрады.
3 Араластыру аяғы
Араластыру аяғын үстінен енгізіп,
толығымен қондырыңыз.
кейбір үлгілерде:
4 Әмбебап ұсатқыш
(бөлек қолдану нұсқаулығы)
Әмбебап ұсатқыш сатылу немесе
жеткізіліп берілу құрамына кірмесе,
оны қызмет көрсету орталығы арқылы
тапсырыс беріп сатып алуға болады
(тапсырыс беру үшін нөмірі: 640698
немесе 640686).
Әмбебап ұсатқыш арқылы қатты ірімшік
түрлерін ұсатуда электр бұйымның
қабілеттерін толығымен қолдана алуы-
ңызға болады (берілген рецепт реттерін
ұстанғаныңызда).
Рецептті әмбебап ұсатқыштың қолдану
нұсқаулығында таба аласыз.
Қолдану
Майонез, тұздықтар мен соустар, арала-
стырылған сусындар, сәби тағамдарын
араластыру үшін және пісірілген жеміс
пен көкөністердә ұсату үшін арналған.
Көжелер мен сорпаларды езбелеп
араластыру үшін.
Батырмалы блендер картоп езбесін
даярлау үшін жарамды емес.
Желі кабелін толығымен ораудан
жазып алыңыз.
Араластыру аяғын (3) негізгі құрал (1)
үстіне қондырып, сағат тілі бағытына
қарсы бұрыңыз.
42
Бұйым айырын электр қуат жүйесіне
қосыңыз.
Азық-түлік өнімдерін пластмасса
тостаған ішіне салыңыз не құйыңыз.
Батырмалы блендер мен тостағанды
берік ұстап тұрыңыз.
Араластырылатын өнімдердің
шашылып кетуін болдырмау үшін, қосу
түймешігін (2) тек араластыру аяғы
араластырылатын өнімдер ішіне
батырылғанында ғана басуыңыз керек.
Араластырылатын өнімдерден шығару
алдынан блендерді ылғи алдымен
өшіріп қоюыңыз керек.
Жұмыстан/тазалағаннан кейін
Сақтандыру!
Бұйымның негізгі құралын ешқашан суға
малуға және ыдыс жуу машинасында
тазалауға болмайды.
Бумен тазалау құралын қолданбаңыз!
Бұйым айырын электр жүйесінен
ажыратыңыз.
Негізгі құралды ылғалды шүберекпен
сүртіп, одан кейін құрғатып сүртіңіз.
Араластыру тостағанын ыдыс жуу
машинасында жууға болады.
Араластыру аяғын ыдыс жуу машина-
сында немесе ағып тұрған су астында
қылшақпен тазалаңыз.
Араластыру аяғын, ішіне кіріп қалған
судың ағып шығуын қамтамасыз ету
үшін, тік тұрған қалпында (араластыру
аяғының пышағын жоғарыға қарай
қойып) құрғатыңыз.
Қызыл орамжапырақ сияқты өнімдерді
өңдегенде пластмассадан жасалған
бөлшектерінің боялып кетуі мүмкін -
оларды өсімдік тағам майдың бірнеше
тамшысы арқылы кетіруге болады.