Télécharger Imprimer la page

Bosch GCM 254 Professional Notice Originale page 232

Masquer les pouces Voir aussi pour GCM 254 Professional:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 34
232 | Қазақ
– Иінтіректі (12) басыңыз, аралау үстелін (10) реттегіш
тетігінен солға немесе оңға бұрап, бұрыш
индикаторының (13) көмегімен қажетті көлденең еңіс
бұрышын реттеңіз.
– Бекіткіш тетікті (11) қайтадан тартыңыз.
Тік еңіс бұрышын реттеу
Тік еңіс бұрышын 45° (сол жақ) және 0° (оң жақ)
аралығындағы диапазонда реттеуге болады.
Жиі қолданылатын тік еңіс бұрыштарын жылдам әрі
дәлме-дәл реттеу үшін 0° және 45° бұрыштары үшін берік
позициялар қолданылады.
Кез келген тік еңіс бұрышын реттеу (I суретін
қараңыз)
– Қысқыш бұранданы (24) босатыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасынан (4), бұрыш
индикаторында (30) қажетті тік еңіс бұрышы
көрсетілгенше қайырыңыз.
– Манипуляторды осы күйде ұстап, қысқыш бұранданы
(24) қайтадан мықтап тартыңыз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты
u
электр құралының зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Іске қосу (J суретін қараңыз)
– Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
тетігін (5) ортаға жылжытып, содан кейін
ажыратқышты (19) басып тұрыңыз.
Нұсқау:Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (19)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Өшіру
– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (19) жіберіңіз.
Аралау
Жалпы аралау нұсқаулары
Бекіткіш тетікті (11) және қысқыш бұранданы (24)
u
аралаудан бұрын әрдайым мықтап тартыңыз.
Әйтпесе ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу
u
планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап
бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін
орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе
оларды лайықтаңыз.
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Тек тиісті пайдалану үшін рұқсат етілген заттектерді
пайдаланыңыз.
1 609 92A 8KE | (09.05.2023)
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым
бағыттауыш панеліне басу үшін тура қырлы болуы керек.
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Маятниктік қорғаныш қаптаманың дұрыс жұмыс істеп,
еркін жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төмен
қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама
ашылуы керек. Манипуляторды жоғары қарай бағыттау
кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ара дискісінің
үстінен қайта жабылып, манипулятордың ең жоғарғы
күйінде бекітілуі керек.
Оператордың күйін (K суретін қараңыз)
Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа
u
тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз.
Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады.
– Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын
аралау дискісінен алыстатыңыз.
– Манипулятор алдында қолдарыңызды айқастырмаңыз.
Аралау (көлденеңінен аралау)
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
– Қажетті көлденең және/немесе тік еңіс бұрышын
орнатыңыз.
Көлденең еңіс бұрыштарында оңға қарай аралау
кезінде ұзындық шектегішін (35) толықтай сыртқа
қарай тарту немесе толықтай алып тастау керек.
– Электр құралын қосыңыз.
– Манипуляторды тұтқамен (4) төмен қарай баяу
бағыттаңыз.
– Дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі (39) толық
тоқтағанша күте тұрыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Кесік сызығын белгілеу (L суретін қараңыз)
Лазер сәулесі ара дискісінің кесік сызығын көрсетеді.
Осылайша дайындаманы аралау үшін маятниктік
қорғаныш қаптаманы ашпай нақты орналастыруға
болады.
– Ол үшін лазер сәулесін қосқышпен (20) қосыңыз.
– Белгіңізді дайындамадағы лазер сызығының оң жақ
жиегіне бағыттаңыз.
Нұсқау: аралау алдында кесік сызығы дұрыс
көрсетілгенін тексеріп шығыңыз. Лазер сәулесі, мысалы,
қарқынды пайдалану кезіндегі діріл себебінен ығысуы
мүмкін.
Рұқсат етілген дайындама өлшемдері
Макс. дайындамалар саны:
Көлденең
Тік еңіс
еңіс
бұрышы
бұрышы
Макс. биіктігі
90 x 90
Биіктігі x ені [мм]
Макс. ені
65 x 130
Bosch Power Tools

Publicité

loading