158 | Қaзақша
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сондай-ақ, бойлай немесе көлденеңінен
аралауға байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Түсті металдарды аралау
Ескертпе: Түсті металдарға арналған аралау дискісін
пайдаланыңыз. Бұл таза аралауды қамтамасыз етеді және
аралау дискісінің сыналануын болдырмайды.
Электр құралды қосылған күйде бөлшекке жүргізіңіз және
оны жайлап аралаңыз. Шағын берумен, үзіліссіз жұмыс
істеңіз.
Профильдерде аралауды әрқашан жұқа жағында
бастаңыз, U тәрізді профильдерде аралауды ешқашан
ашық жағынан бастамаңыз. Аралау дискісінің сыналануын
болдырмау және электр құралдың кері соққысын
болдырмау үшін ұзын профильдерді тіреңіз.
Параллельді тірек бар аралау (D суретін қараңыз)
Параллельді тірек 11 дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
– Құлақты бұранданы 7 жіберіңіз және параллельді тірек
11 шкаласын бағыттауыш бойымен тірек тақтасына 14
орнатыңыз. Сәйкес аралау бұрышының белгісінің 10
көмегімен шкалада қажет енді орнатыңыз немесе 9
„Аралау бұрышының белгілері" тарауын қараңыз.
Құлақты бұранданы 7 қайтадан берік бекітіңіз.
Қосымша тірекпен бірге аралау (E суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны немесе
рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны тірек
тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен жүргізуге
болады.
Бағыттауыш рейка көмегімен аралау
(GKS 55+ G/GKS 55+ GCE) (F суретін қараңыз)
Бағыттауыш рейканың 30 көмегімен түзу сызықпен
аралауды орындауға болады.
Бағыттауыш рейканың резеңке жиегі ағашты аралау
кезінде материалдың шығып кетуін болдырмайды. Бұл
үшін аралау дискісі тікелей резеңке жиекке тістерімен
тақалып тұруы керек.
Ең бірінші аралау алдында бағыттауыш рейка 30
көмегімен резеңке жиекті пайдаланылатын дискілік араға
туралау керек. Бұл үшін бағыттауыш рейканы 30
1 609 92A 0LU | (1.8.14)
дайындаманың бүкіл ұзындығымен қойыңыз. Шамамен
9 мм аралау тереңдігін орнатыңыз және аралаудың тік
бұрышын реттеңіз. Дискілік араны қосыңыз және оны
жайлап басып, аралау бағытында жүргізіңіз.
Жалғау бөлшегінің 32 көмегімен екі бағыттауыш рейканы
жалғауға болады. Бекіту жалғау бөлшегінде орналасқан
төрт винт көмегімен жүзеге асырылады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Маятниктік қорғағыш қаптама әрқашан еркін қозғалуы
және өз бетінше жабылуы керек. Сондықтан маятниктік
қорғағыш қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза
ұстаңыз. Қысылған ауамен үрлеу немесе қылшақ
көмегімен шаңды және жоңқаларды кетіріңіз.
Жабыны жоқ аралау дискілерін қышқылсыз мұнайдың
жұқа қабатымен жауып қорғауға болады. Аралау алдында
мұнайды кетіріңіз, өйткені кері жағдайда ағашта дақтар
пайда болады.
Жүздегі шайыр немесе желімнің қалдықтары кесу
сапасына әсер етеді. Сондықтан пайдаланудан кейін
аралау дискілерін тазалаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Bosch Power Tools