2. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ НҰСҚАУЛАРЫ
ЕСКЕРТУ:
шығыңыз. Ескертулер мен нұсқауларды орындамау салдарынан ток соғуы,
өрт шығуы және/немесе ауыр жарақат алу жағдайлары туындауы мүмкін.
БАРЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР МЕН НҰСҚАУЛАРДЫ БОЛАШАҚТА ҚАРАУ
ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ.
Ескертулердегі "электр құралы" термині электр желісінен жұмыс істейтін
(сымды) немесе батареямен жұмыс істейтін (сымсыз) электр құралын білдіреді.
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕСКЕРТУЛЕР
ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
A. Жұмыс орны таза әрі жарық болуы қажет. Жұмыс орнының лас немесе қараңғы
болуы оқыс оқиғалардың пайда болуына себеп болады.
B. Электр құралдарын тұтанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң сияқты заттар
болатын жарылыс қаупі бар орталарда пайдаланбаңыз. Электр құралдары
шаңды немесе түтінді тұтандыруы мүмкін ұшқындар шығарады.
C. Электр құралын пайдаланған кезде, балалар мен бөгде адамдар алшақ тұруы
қажет. Басқа нәрсеге алаңдау салдарынан құралды басқара алмай қалуыңыз мүмкін.
ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
A. Электр құралының ашалары розеткаға сәйкес келуі қажет. Ашаны еш уақытта
өзгертпеңіз. Ешқандай адаптер штепсельдерін жерге тұйықталған электр
құралдарымен бірге пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген ашалар мен сәйкес келетін
розеткалар электр тогының соғу қаупін азайтады.
B. Құбырлар, радиаторлар, газ плиталары және тоңазытқыштар сияқты жерге
тұйықталған заттарға денеңізді тигізбеңіз. Денеңіз жерге тұйықталған заттармен
жанасса, электр тогының соғу қаупі артады.
C. Электр құралдарын жаңбырдан және ылғалдан сақтаңыз. Электр құралына су
кірсе, электр тогының соғу қаупі артады.
D. Сымды тек орнымен пайдаланыңыз. Электр құралының сымын оны
тасымалдау, тарту немесе қуат көзінен ажырату үшін пайдаланбаңыз. Сымды
жоғары температурадан, майдан, өткір шеттерден немесе жылжымалы
бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе шатасқан сымдар электр
тогының соғу қаупін арттырады.
E. Электр құралын далада пайдаланған кезде, далада пайдалануға жарамды
ұзартқыш сымды пайдаланыңыз. Далада пайдалануға арналған сымды
пайдаланғанда, электр тогының соғу қаупі азаяды.
F. Ылғал жерде электр құралын пайдалануға тура келсе, қорғанысты өшіру
құрылғысымен (ҚӨҚ) қорғалған жабдықты пайдаланыңыз. ҚӨҚ құрылғысын
пайдаланғанда, электр тогының соғу қаупі азаяды.
Жеке қауіпсіздік
A. Электр құралын пайдаланған кезде абай болыңыз, іс-әрекетіңізге
байыптылықпен қарап, зейін қойыңыз. Шаршап тұрсаңыз немесе
есірткі, ішімдік не дәрі-дәрмек қабылдаған болсаңыз, электр құралын
Барлық қауіпсіздік ескертулері мен нұсқауларды оқып
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
EN
129