KAZ
• Көгалшапқышты қайтадан іске қосар
алдында жəне жұмысты бастамас
бұрын көгалшапқыштағы зақымдарды
іздеңіз жəне қажетті жөндеу жұмыста-
рын орындаңыз.
• Егер көгалшапқыш əдеттен тыс күшпен
дірілдей бастаса, дереу тексеру қажет
етіледі.
• зақымдарды іздеуді орындаңыз;
• зақымдалған бөлшектеріне қажетті
жөндеу жұмыстарын жүргізіңіз;
• барлық гайкалар, болттар жəне бұран-
далардың мықтап бұрап бекітілуін
қадағалаңыз.
Техникалық қызмет көрсету жəне
сақтау
• Барлық гайкалар, болттар жəне бұран-
далардың мықтап бұрап бекітілуін, сон-
дай-ақ құрылғының қауіпсіз жұмыс күй-
інде болуын қадағалаңыз.
• Шөп жинау құрылғысының тозуын жəне
жұмыс істеу қабілетінен айырылуын
жүйелі түрде тексеріңіз.
• Қауіпсіздік тұрғысынан алғанда тозған
немесе зақымдалған бөлшектерін
алмастырыңыз.
• Бірнеше пышағы бар машиналарда бір
пышақтың қозғалуы басқа пышақтарды
қозғалысқа келтіре алуын қадағалаңыз.
• Машинаны реттеу кезінде айналмалы
пышақтар мен машинаның қозғалмай-
тын құраушыларының арасында сау-
сақтарыңыздың қысылып қалмауын
қадағалаңыз.
• Машинаны сақтауға қоймастан бұрын
қозғалтқышты суытып алыңыз.
• Техникалық қызмет көрсету кезінде
пышақтардың тіпті машина сөндірілген
кезде қозғала алуын қадағалаңыз.
• Қауіпсіздік тұрғысынан алғанда тозған
немесе зақымдалған бөлшектерін
алмастырыңыз. Тек түпнұсқа бөлшек-
тер мен керек-жарақтарды қолда-
ныңыз.
Аспапты шолу
Нұсқау: Аспабыңыздың іс-жүзін-
дегі көрінісі суреттегіден ерекшеле-
нуі мүмкін.
► 3-бет., 1-тармақ
1. Қосылу иінтірегі
2. Қосу блокираторы
3. Бағыттаушы тұтқа
4. Бағыттаушы тұтқаның астыңғы бөлігі
142
5. Қабылдау сауыты
6. Шабу биіктігін реттеуге арналған
иінтірек
8. Аккумулятор қаптамасы
9. Қорғаныс қақпағы
10. Қозғалыс жетегіне арналған ілінісу
иінтірегі
► 3-бет., 2-тармақ
11. Аккумулятор батареясы
12. Қалған заряд индикациясы
13. Сыйымдылық индикациясына
арналған түйме
14. Бекіткіш түйме
15. Бақылау шамдары
16. Аккумулятор батареясына арналған
зарядтау станциясы
Жеткізілім жиынтығы
• Пайдалану бойынша нұсқаулық
• Көгалшапқыш
• Бағыттаушы тұтқа
• Қабылдау сауыты
• Жабындайтын сына
• Аккумулятор батареясы (2×)
• Аккумулятор батареясына арналған
зарядтау станциясы
• Электр тізбегін үзгіш
• Ұсақ бөлшектер салынған пакет
Монтаждау
Тұтқаны монтаждау
Нұсқау: Барлық монтаждау опера-
циялары екі жағынан жүргізіледі.
► 4-бет., 3-тармақ
– Бағыттауыш арқалықтың астыңғы бөлű-
гін (4) суретте көрсетілгендей бекіткіш
бұрандалармен (17) жəне өзегі бар гай-
калармен (18) құрылғыға бұрап
бекітіңіз.
► 5-бет., 4-тармақ
– Бағыттауыш арқалықты (3) қыспа
иінтірек бұрандаларымен (19) жəне
домалатпасы бар гайкалармен (20)
бағыттауыш арқалықтың астыңғы бөлű-
гіне бұрап бекітіңіз.
– Қысқыш иінтіректі маңдайша бағытына
қарай басыңыз.
– Егер қысқыш иінтірек дұрыс басыл-
маса: Қысқыш иінтіректі ашып, оны
тағы бір рет сағат тілі бағытымен
айналдырып, тірелгенше бұрап
бекітіңіз.